• Сб. Май 24th, 2025
Популярные метки

САУРАНДА СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Автор:admin

Май 24, 2025
Spread the love

Сауран ауданында облыстық маңызы бар КХ-59 «Түркістан–Қарнақ» автожолының бойындағы көпірдің күрделі жөндеуден кейінгі ашылу салтанаты өтті. Ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов арнайы қатысып, көпірдің ел игілігіне берілуімен тұрғындарды құттықтап, өңірдегі инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Жалпы ұзындығы 72 метр, ені 9 метрді құрайтын көпір – Сауран ауданы аумағындағы көлік қатынасының маңызды нүктелерінің бірі. Күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталды. Жоба аясында ескі көпір толық бұзылып, 72 дана темірбетон қада қағылды. Ұзындығы 24 метр болатын 27 дана темірбетон плита орнатылды, жаңа қоршаулар мен асфальт жабындысы төселді. Құрылыс кезінде ұзындығы 820 метрлік айналма жол салынды.
Жөндеу жұмыстары Түркістан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жүргізілді.
Бұл көпір тек көлік қозғалысын қамтамасыз ететін нысан ғана емес, ауыл мен қала арасындағы экономикалық, әлеуметтік байланысты нығайтатын, тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қатынасын қамтамасыз ететін маңызды құрылым.
Жобаны сәтті аяқтап, пайдалануға берген барлық сала мамандарына алғыс білдірілді. Алдағы уақытта да Сауран ауданында тұрғындар өмірін жеңілдетуге бағытталған сапалы инфрақұрылымдық жобалар жалғасын табады, деп хабарлайды Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика