• Вт. Май 13th, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАР БЕРІЛДІ

Автор:admin

Май 13, 2025
Spread the love

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен Еңбек мобильділігі орталығының «Тұран ауданы бойынша мансап орталығының» мамандары М.Тынышбаев атындағы «Көлік колледжі» жастарымен кездесіп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Кездесу барысында жастарға еліміздегі мемлекеттік бағдарламалар жайлы кеңінен ақпарат беріліп, оларға қатысу жолдары түсіндірілді. Атап айтқанда, жастарды жұмыспен қамту шаралары, жаңа мамандықтарды игеру, өз ісін ашып, кәсіпкерлікпен айналысу, шағын кәсіпкерлікке арналған гранттар мен басқа да маңызды мағлұматтар берілді.

Сонымен қатар, сала мамандары жастарға пайдалы мәліметтер мен ұсыныстар беретін арнайы парақшалар таратып, мемлекет тарапынан беріліп отырған тиімді мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.

Жалпы, Шымкентте мемлекеттік тарапынан ұсынылып отырған кең мүмкіндіктер мен түрлі бағдарламалар туралы жастар арасындағы түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Оның ішінде, жоғары және арнаулы оқу орындарымен қоса, түрлі сауда орындарындағы жастарға, атап айтқанда Алаш, Автонұр, Самал және т.б. базарлар сияқты нысандарда жұмыс істейтін жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы жұмыстардың аясында бүгінгі күнге дейін 42 кездесу өткізіліп, 3 432 жасқа түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика