• Чт. Май 8th, 2025
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Автор:admin

Май 8, 2025
Spread the love
Түркістан облысы, Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, салтанатты жиын өтті.
Мерекелік іс-шара «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес төрағалары, аудандағы зиялы қауым өкілдері қатысып, бабалар рухына тағзым етілді. Бір минут үнсіздік жарияланып, құран бағышталды.
Аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында аудан әкімі тыл еңбеккерлерін жеңіс мерекесімен құттықтады.
Аудан әкімі майдангерлердің ерлігі мен қайсарлығы ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын айтып, ардагерлерді ұлықтап, құрметпен еске алу перзенттік парыз екенін жеткізді.
Шарада патриоттық әндер шырқалып, жиналғандарға рух пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика