• Чт. Май 8th, 2025
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА

Автор:admin

Май 8, 2025
Spread the love
Түркістан облысыындағы жедел медициналық көмек беру құрылымдарының материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Бұл салада 2,5 мыңға жуық жедел медициналық жәрдем қызметкерлері еңбек етеді. Жедел медициналық жәрдем бригадалары өткен жылдың 3 айында 180 мыңнан астам 518 шақыртуға, 2025 жылдың 3 айында 177 901 шақыртуға қызмет көрсетті. Шақыртулар «Көмек» бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиналыста жедел жәрдем жүйесін дамытуға қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Өңір басшысы жедел жәрдем қызметінің қолжетімділігі мен оның сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Бұл саланы аудан бюджеттері арқылы да дамыту жолдарын қарастыруды міндеттеді.
Өңірдегі жедел медициналық жәрдем станциясы санитарлық автокөлікпен толық қамтылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Байдувалиевтің баяндады. Түркістан облысының халқына 150 дәрігерлік және фельдшерлік бригада медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар медициналық санавиация қызметі бар. Дәрігерлік және фельдшерлік бригада құрамы, жүргізушілер жыл сайын біліктілігін арттыруда.
Шақырулар бо¬йынша жолға шыққан дәрігерлік-фельдшерлік бригадалардың іс-қимылдарын бақылау тетіктері жүйелендірілген. Сондай-ақ облыста дәрігерлік-фельдшерлік және жүргізушілік құрамдардың біліктілігін көтеру ісі жүйелі жолға қойылған.
Былтыр аудан, қалалардағы бірқатар медициналық мекемелердің ғимараттары ақылы қызмет қаражаты есебінен жөндеуден өтті. Шала туылған нәрестелерді тасымалдау үшін 2 дана Hyundai Staria кювезбен жабдықталған реанимобиль сатып алынды. Сонымен қатар биыл жедел жәрдем автокөліктерінің базасын жаңарту негізінде облыстық бюджеттен 60 дана (Hyundai Staria) санитарлық автокөлігін лизингтік келісім шартпен сатып алу жоспарлануда. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына қарасты ғимараттарды жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар жедел жәрдем кіші бекеттерін инвестор есебінен соғып, сатып алу жолдары қарастырылуда.
Мамыр айынан бастап елімізде жедел жәрдем қызметінің жұмыс тәртібі өзгерді. Бұл қадам қызмет көрсету сапасын жақсартып, кешігу мәселелерін шешпек. Енді төртінші категориядағы шақыруларға: мәселен, жоғары қан қысымы, дене қызуы немесе жеңіл жарақаттар сияқты өмірге қауіп төндірмейтін жағдайлар – күндізгі уақытта емхана жанындағы мобильді бригадаларға бағытталады. Олар таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал түнгі уақытта және демалыс күндері барлық шақыртуға жедел жәрдем бригадалары бара береді. Қажет болса қатарларына педиатр, кардиолог және басқа да мамандар қосылады. Бұл бағытта 95 мобильді бригада жұмыс істеуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика