• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ —БАСТЫ МАҚСАТ

Автор:admin

Окт 12, 2022
Spread the love

«Адам саудасы және оның алдын алу»: Шымкентте семинар-тренинг өтті. Аталған шараның мақсаты — адам саудасының алдын алу, аталған қылмысқа қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Семинар-тренингті М.Әуезов атындағы ОҚУ Заң факультеті Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Бекбосынов Ермек Төленұлы жүргізді. Адам саудасы мәселесі қазіргі өркениетті қоғамда да әлемнің басты проблемаларының бірі болып тұр. Бейресми деректерге сәйкес, әлемдегі үшінші ірі заңсыз бизнес түріне адам саудасы жатады. Болжам бойынша оның жылдық тауар айналымы 10-15 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл болжам ғана. Өйткені нақты мәліметке қол жеткізу әзірге мүмкін емес. БҰҰ мәліметінше, жаһандық адам саудасының көпшілігі Балқан түбегінде, ТМД елдерінде, Оңтүстік Америка құрлығында, Орталық Еуропада, Африкада, Шығыс Азияда орын алады екен. Әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70 пайыздан астамын нәзік жандылар, яғни әйелдер мен қыздар құрайды. Ал жалпы құрбандардың үштен бірі балаларға қатысты екен. Семинар-тренингке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, саясаттанушылар, азаматтық қоғам өкілдері, әлеуметтік желі белсенділері және жоғары оқу орындарының жастары қатысты. Олар тақырып аясында ақпарат алмасып, өз ой пікірлерімен бөлісті. Айта кетейік, М.Әуезов атындағы ОҚУ Заң факультетінің бас ғимаратында есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Нашақорлық және қылмыс» атты тақырыпта кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Қанатұлы Карбеков, Шымкент қаласының Психикалық денсаулық орталығының дәрігері Раушан Асанқызы Баймурунова, Шымкент қаласының Ренессанс жекеше оңалту орталығының жетекші маманы Анатолий Николаевич Ичетовкин және факультет деканы Қ.Р. Сарықұлов қатысты. Факультет студенттеріне аталған тақырыпта семинар өткізіп, есірткінің бүкіл әлемде, сондай-ақ, Қазақстанда таралуының алдын алу мәселелеріне байланысты көптеген фактілер айтылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика