• Пн. Май 5th, 2025
Популярные метки

ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Май 5, 2025
Spread the love

Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы, Түркістан қаласының “Құрметті азаматы” Кеңес Пәзілұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында бокстан VI Республикалық ашық турнирі басталды.

Спорттық шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған. Жарыс — бұқаралық спортты дамытуға, спортшыларды жүйелі бокспен шұғылдануға баулу және үздіктерді анықтауға бағытталған.
Жалпы шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінен 160 спортшы өзара бақ сынасуда. Жарыста жүлделі орындарға ие болған спортшылар белбеу, медальдармен және тиісті дәрежесіне қарай дипломдармен марапатталады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика