Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы «Балалар жылын жариялау туралы» №780 Жарлығына сәйкес,бөлім тарапынан «Баланы жетімсіретпеген ел» іс шара жоспары бекітіліп бір қатар жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Балдаурен» күндіз болу орталығында» ағымдағы жылдың 1 маусым күні мұмкіндігі шектеулі балдардың,олардың ата-аналармен қатысумен 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік іс шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбек, Жетісай ауданыныңжұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекеменің басшысы А.Д. Абжанов балаларға құттықтау сөзін айтып, ыстық лебізін білдіріп, балаларға деген сый-сияпатынкөрсетті. 50 балаға ойыншық,тәттілер,ыстық тамақ берілді. Демеушілер қолдаумен 400 000 теңге көлемінде сыйлықтар табысталды. Ата-аналар да сөз алып жылы лебіздерін білдірді. Балалар ән айтып, би билеп қуанышқа кенелді.
Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Асықата өңіріндегі «Үміт ұясы» күндіз болу орталығындада» ағымдагы жылдың 1 маусымында «Біз бақытты баламыз» атты 1-маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
1-маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күні мерекесіне мекемеде қызмет алушы балдармен бірге концерттік бағдарламалар жасалынып, балаларға Аудан әкімінің атынан сыйлықтар табыс етілді.
1-маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күні мерекесіне Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Прімбеков Серік, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Абжанов Әділхан Досыбайұлы, Асықата кентінің әкімі Серіков Бақыт, №11 Жеңіс ЖОМ директоры Убайдина Гульмира сынды қонақтар мерекелік іс – шараны ашып беріп, мүмкіндігі шектеулі балаларымызға құттықтау сөз сөйлеп, тілектерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыс етті және осы іс-шараны өткізуге демеушілік көрсеткен барлық демеушілерге және Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарына үлкен алғыстарын білдірді.
1-маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күні мерекесіне қаржылай, заттай қолдау жасаған демеушілерімізге Жетісай ауданы әкімі М.Болатұлы, «Аманат» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірініші орынбасары Ә.Асауов, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Абжановтың атынан алғыс хаттары табыс етілді.
Демеушілер көмегімен 420 000 теңгеге заттай сыйлықтар, азық-түлік өнімдері алынып 60 балаларымызға таратылды, мерекелік дастархан жайылды.
Бүған қоса бөлімге қарасты мүмкіншілігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерде қызмет алатын 302 балаларға қайырымдылық акция өткізіліп 2250,0 мың теңгеге теңгеге азық-түлік және киім-кешек түрінде көмек берілді.
Жалпы Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімініңүйымдастырумен «1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай демеушілер көмегімен қайырымдылық акция өткізіліп 412мүмкіндігі шектулі балаларға 3070,0 мың теңгеге азық-түлік және киім-кешек түрінде көмек берілді.
Бөлім басшысы А.Д.Абжанов