• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Автор:admin

Сен 30, 2022
Spread the love

1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Мереке қарсаңында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов еліміз бен шаһардың дамуы жолында елеулі үлес қосқан бірнеше ардагердің үйіне барып, арнайы құттықтады. Оларға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті.
Қала басшысы алғашқы құттықтауын еңбек ардагері Ахметова Райса Райымбекқызының шаңырағынан бастады. Ардагер ұстазбен әңгімелескен Мұрат Әйтенов мереке иесіне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі.
Ахметова Райса Райымбекқызы Шымкент қалалық комсомол комитетінің хатшысынан Оңтүстік Қазақстан облысы халық ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметіне дейін атқарған. Ұзақ жылдар халық депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Құрмет белгісі» ордені мен «ҚазССР білім беру ісінің үздігі» атағының иегері.
Құттықтау легі «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері Гулужиган Байгаринаның отбасында жалғасты. Еңбек ардагерін мерейлі мерекемен құттықтаған қала басшысы Гулужиган Абдулажанқызына да зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасына бақ пен береке тілеп, үйдің отағасы — Шәміл атаға шапан жапты.
Байгарина Гулужиган Абдулажановна 1937 жылы көп балалы отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын тігін маманынан бастап, 1975-1987 ж.ж. «Восход» тігін бірлестігінің бас инженері кейін бас директоры болады. Ал 1991 жылы «Восход» ААҚ ШФ Президенті болып тағайындалып, осы саланың дамуына зор үлес қосады. Ұзақ жылғы еңбегі ақталып, оған Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамытқаны үшін «Қазақстан өнеркәсібінің еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы беріледі.
Өз кезегінде ардагерлер де құрмет көрсетіп, кішілік ізетін жасаған шаһар басшысына алғысын жаудырып, қазақстандықтар үшін бейбіт те берекелі өмір тіледі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 2019 жылы өткізген «World Population Prospects» мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылы 11 адамның 1-і 65 жастан асқан адам болса, 2050 жылға қарай әлемдегі 6 адамның 1-і осы жас мөлшерінен асады екен. Әлемнің әр түкпіріндегі қоғамдар осы ұзақ өмір сүрудің эволюциясынан өтіп жатыр. Кейбіреуі оның алғашқы сатысында болса, екіншісі әлдеқайда асып кеткен. Батыс зерттеушілерінің айтуы бойынша, олардың барлығы осы деңгейге жетеді. Мәселен, 1890 жылы Швецияда халықтың кем дегенде, 50 пайызы 65 жасқа дейін жете алса, қазіргі кезеңде өмір сүру ұзақтығы жоғары елдерде бұл көрсеткіш 90 пайыздан асады. Сонымен қатар, 65 жастан кейінгі өмірдің үлесі 1960 жылдары бестен бір бөлігін құраса, бүгінгі дамыған елдердің көпшілігінде ол төрттен бір немесе одан да көп бөлігін құрайды. БҰҰ қарарында ұйымның қартаю мәселелері жөніндегі қорына түсетін жарналардың төмендегені байқалады. Қазіргі уақытта әлем халқының қартаю қарқыны артып, қарт адамдар кез келген мемлекеттің даму процесіне үлес қоса алатын қоғам мүшесі ретінде мойындалып келеді. БҰҰ Бас Ассамблеясы ел үкіметтері мен үкіметтік емес ұйымдарды қартаю мәселелері бойынша арнайы қорға жарна салуға шақырып отырады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика