• Пн. Апр 28th, 2025
Популярные метки

«АРЫС-2025»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҒУЛАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Автор:admin

Апр 28, 2025
Spread the love
Түркістан облысындағы «Арыс» полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіретін аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілерімен он күндік жиынның қорытындысы бойынша «Арыс-2025» тактикалық оқу-жаттығу жиынының қорытынды кезеңі өтті. Тактикалық оқу-жаттығу жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес өткізілді және әскери міндеттілер құрамның жауынгерлік әзірлігін тексеруге, практикалық дағдыларды жетілдіруге, сондай-ақ тактикалық міндеттерді орындау барысында өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға бағытталды.
Жиын бөлімшелерді дабыл бойынша көтеруден басталды. Шартты аймақта әскери міндеттілерді қабылдау ұйымдастырылды. Әскери міндеттілермен сабақтар теориялық дайындықтан басталады, содан кейін жеке құрам далалық оқытудың белсенді кезеңіне өтті. Барлық кезеңдер «теориядан практикаға» қағидасы бойынша құрылды.
Бригада командирі подполковник Талғат Мәжімбековтың басшылығымен командалық құрам оқытуға әдістемелік тәсілдеме мен ұйымдастырудың жоғары деңгейін көрсетті. Әскери міндеттілер оқ атуға дайындық жаттығуларын, соның ішінде штаттық қарудан оқу және бақылау атыстарын сәтті орындады.
Үйлестіру кезеңінде жеке құрам стратегиялық мақсаттағы объектілерді күзету және қорғау жөніндегі іс-қимылдарды пысықтады, сондай-ақ қалалық ортаға жақын жағдайларда шартты жаудың шабуылын тойтарыс берді.
Жиынға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, сапар барысында ол даладағы тұрмысты ұйымдастырумен танысып, оқу-жаттығуларға қатысушылармен әңгімелесіп, олардың дайындық деңгейіне жоғары баға берді.
– Бригада басшылығы барлық іс-шараларды жоғарғы деңгейде ұйымдастырды. Осының арқасында практикалық іс-қимылдарды пысықтау кезінде әскери міндеттілер жақсы нәтижелер көрсетті, — деп атап өтті Зұлпыхар Жолдасов.
Жиын соңында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару Комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков сұхбат беріп, аталған шараның маңыздылына тоқталды.
Подполковник Талғат Мәжімбековтің айтуынша, мұндай жиындар жауынгерлік дағдыларды тексеру ғана емес, сонымен қатар әрбір әскери міндеттілерге оның басты азаматтық міндеті — Отан қорғаушы болу туралы еске салу болып табылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика