20-27 сәуір аралығында Қызылорда қаласында бокстан Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары өтті. Аталған дүбірлі додада қыздар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Түркістан облысының намысын қорғаған былғары қолғап шеберлері 1 алтын және 1 қола медаль олжалады. 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айым Танкибаева барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ал 48 келі салмақта күш сынаған Виолетта Ким қола медальді қанағат тұтты.