• Вт. Апр 29th, 2025
Популярные метки

РОБОТОТЕХНИКАНЫ ДАМЫТУДА ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Автор:admin

Апр 28, 2025
Spread the love
Наурыз айының басында RoboPark және Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның Физика-математика бағытындағы Шымкент қаласындағы мектебі арасында робототехниканы дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Бүгін осы ынтымақтастықтың алғашқы нәтижелері белгілі болды. Өңірлік іріктеу турнирінде ерекше жетістікке қол жеткізілді: жарысқа қатысқан барлық 7 команда жүлделі орындарды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
Алда республикалық деңгейдегі байқау күтіп тұр. Егер шымкенттік командалар онда да жоғары нәтиже көрсетсе, Сингапурда өтетін халықаралық додада Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.
Бұл жетістік — оқушылардың табанды еңбегі, жетекшілердің кәсібилігі және ата-аналардың тұрақты қолдауының нәтижесі. Сонымен қатар, жобаның сапалы жүзеге асырылуына Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы да үлес қосты. Басқарма жарысқа қатысушыларға Шымкент Хаб базасын қолдануға мүмкіндік беріп, процестердің тиімді және заманауи форматта өтуіне жағдай жасады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика