• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛУДА

Автор:admin

Ноя 3, 2022
Spread the love

Қаламыздың әлеуметтік саладағы оң динамикасын аңғарған республикамыздың өзге облыстарынан әлеуметтік сала мамандары арнайы келіп, жұмыс методикасымен танысуда.
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова айтты.
– Мегаполисіміздің әлеуметтік саладағы методикасын өзге өңірлерден келіп мамандар үйренуде. Бұл – істеліп жатқан жұмыстың өзгелерге пайдасы тиіп жатса әрине қуанамыз. Аталған басқармаға қарасты он төрт әлеуметтік қызмет көрсететін орталық бар. Халықтың әлеуметтік ахуалын көтеру мақсатында мемлекет тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп, басқармаға қарасты мекемелердің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді, — деді Балмаржан Полатқызы.
Спикердің мәлімдеуінше, жыл басынан бері Павлодар, Талдықорған, Қызылорда және Түркістан облысының аудандарынан әлеуметтік сала бойынша басқарма қызметкерлері іс-сапармен келіп, «Бақытты жанұя», «Тең қоғам», «Белсенді өмір сүру» мекемелерінің жұмысымен танысқан.
Айта кетейік, Аталған орталықтар салалық бағыттар бойынша жұмыс жасайды.
2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша биылғы жылы 57 696 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарлануда. Оның 35 276 орны– тұрақты, 18 128 орны – уақытша жұмыс орындары. Бүгінге күнге, яғни 6 айда 30 481 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып отыр, яғни жоспар 52,8% орындалды.
Ал, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде осы жылы 33 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, оның ішінде 20 759 орын тұрақты жұмыс 8 449 орын уақытша жұмыс орындары белгіленіп отыр. Жыл басынан бері 13 363 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты.
Жалпы, Шымкент қаласы республикалық көрсеткіштер бойынша азаматтарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру бағытында алдыңғы қатарында. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адамды жолдау жоспарланса, бүгінде 123 азамат жұмыспен қамтылды. Яғни, жоспар артығымен 136,7% орындалып отыр. Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 227 адам жолдау жоспарланса, нақты 227 (88,2%) адам жолданды. Қоғамдық жұмыс 2188 адамға жоспарланған болса, нақты 2177 адам жұмысқа орналасты. «Жастар практикасы» бағдарламасына биылғы жылы 2098 жасты жолдау жоспарланып, бүгінде 1063 адам жұмысқа орналасты.
ҚР Премьер-Министрі мен Шымкент қаласы әкімінің арасындағы меморандум аясында құрылатын жұмыс орындарына 14 517 тұрақты жұмыс орын құру белгіленіп,бүгінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 12 488 тұрақты жұмыс орыны құрылды, яғни жоспар 86%-ға орындалды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика