• Сб. Апр 26th, 2025
Популярные метки

ТҮРКІСТАНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА «ИНТЕЛЛЕКТ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 25, 2025
Spread the love
Түркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуын қамтамасыз ету, олардың білім мен қабілеттерін шыңдау мақсатында «Интеллект» атты зияткерлік сайыс өтті. Шараға 10 команда қатысып, төрт кезең бойынша үздіктер анықталды. Қатысушылар Түркістан қаласының тарихы, туризм саласы және танымал тұлғаларына қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен ой-өрісін сынға салды.
Зияткерлік додаға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жеңімпаз командаларды марапаттады. Өз сөзінде қала әкімі мұндай сайыстардың қоғамда білімді әрі белсенді азаматтардың қатарын арттырудағы маңызын ерекше атап өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Әл-Фараби» тобы, 2-орынды «Turan.kz» тобы, ал 3-орынды «Сұңқар» тобы иеленді. Жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушылар да бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика