17–20 сәуір аралығында Мәскеу қаласында өткен Халықаралық «Серебряная шпага» байқауында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры да қатысқан болатын.
Байқау барысында театрдың фехтование өнері бойынша театр артистері Сұлтан Байбол, Төрежан Қадыров, Ернұр Женсікбаев кәсіби шеберліктерін көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді. Нәтижесінде, «Ең үздік сайыс» номинациясын жеңіп алып, Бас жүлдеге ие болды.