• Сб. Апр 26th, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Автор:admin

Апр 25, 2025
Spread the love
Шымкент қаласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының деректеріне сәйкес, психоневрологиялық ауытқуы бар балалар мен ересектерге, тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға, жалғызбасты қарттар мен І және ІІ топтағы мүгедектерге арналған арнайы әлеуметтік қызметтер тұрақты ұсынылуда.
2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Шымкент қаласында 11 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызмет атқарады. Олардың қатарында №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10 орталықтар, «Өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы», «Белсенді ұзақ өмір» орталығы және 4 үкіметтік емес ұйым («Өркен», «Алғыс», «Жігер», «Аяла») бар. Бұл мекемелердің барлығы 3 279 азаматты оңалту шараларымен қамтыған.
Қызметтер стационарлық, жартылай стационарлық және үй жағдайында көрсетіледі. Мемлекеттік мекемелермен қатар, лицензиясы бар үкіметтік емес ұйымдар да осы бағытта мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысып келеді.
Дегенмен, талаптарға сай келмегені үшін 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт үкіметтік емес ұйымның лицензиясы тоқтатылып, мемлекет тарапынан қаржыландыру тоқтатылды. Нақты айтсақ, : «Давайте расти» – 10 қызмет алушы, «ЖИТС-тен балаларды қорғау» – 40 қызмет алушы, «Рақмет саған, Анашым» – 20 қызмет алушы «Асылай» – 20 қызмет алушы.
Аталған ұйымдарда барлығы 90-ға жуық ерекше қажеттілігі бар бала мен азаматқа қызмет көрсетілген. Қазіргі таңда бұл қызмет алушыларды мемлекеттік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына көшіру жұмыстары жүргізілуде. Мамандар ата-аналармен және қамқоршылармен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда.
Бұл шешім көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Шымкентте ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға қолдау көрсету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика