• Пн. Апр 21st, 2025
Популярные метки

ТАЗА ҚАЛА – ТАЗА БОЛАШАҚ: АБАЙ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ПЕН КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Автор:admin

Апр 21, 2025
Spread the love

Шымкент қаласы Абай ауданында жыл басынан бері 30 дан астам сенбілік ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен бұл сенбіліктерге 65 мекеме мен ұйымның қызметкерлері мен 10 мыңға жуық тұрғындар қатысып, жұмыла еңбек етті. Тазалық іс-шараларында 70-тен аса техника пайдаланылды.

Сенбілік барысында Абай ауданына қарасты 100-ден аса көшелер мен саябақтар тазартылып, 300 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Сенбіліктерге қатысқан тұрғындар ағаштарды әктеп, шөп шауып, арық-атыздарды тазалау жұмыстарын атқарды.

Жалпы, Абай ауданында тазалық пен абаттандыру жұмыстарына ерекше назар аударылып отыр. Алдағы уақытта Асар шағын ауданындағы 4 гүлзарды жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ, Темірлан тас жолын бойындағы 410 жарық шамдарға сәндік элементтер орнатылады.

Абай ауданы әкімдігі аудан аумағын көркейтіп, таза ұстап отыру үшін бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика