• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Шардара ауданы халықты жұмыспен қамту орталығының белсенді шараларға қатысуы белсенді.

Автор:admin

Ноя 7, 2022
Spread the love

«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 2022 жылы 2465 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру жоспарланып, бүгінгі күнге 2333 адам қатысты, жоспар 94,6 пайызға орындалды. Оның ішінде: 1056 жастар, 354 аз қамтамасыз етілгендер, 132 мүгедектігі бар адамдар.

Жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес 15 жұмыссызды қысқа мерзімді оқытудан қыркүйек айында өткізу жоспарлануда. Жұмыссыздарды enbek.kz платформасында онлайн оқыту бойынша жоспарға сәйкес 80 адам оқып сертификаттарын алды.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша 2022 жылы 130 азаматты «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, 757 адам оқып сертификаттарын алды. Жоспар 582 пайызға орындалды.

70 азаматқа 400 АЕК көлемінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланып, 35 адамға грант берілді. Жоспар жыл соңына дейін орындалады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспардағы 100 жұмыссыздың орнына 113 жұмыссыз жолданды. Жоспар 113 пайызға орындалды.

Жастар практикасына 2022 жылы 160 азаматты жолдау жоспарланып, 129 жас маман жолданды. Жоспар жыл соңына дейін орындалады.

Қоғамдық жұмыстарға 683 азаматты жолдау жоспарланып, 460 жұмыссыз азамат жолданды. Жоспар жыл соңына дейін орындалатын болады.

Алғашқы жұмыс орнына 17 азамат жолдау жоспарланса, 22 адам жолданды. Жоспар 129,4 пайызға орындалды.

«Күміс жас» жобасына 10 азаматты жолдау жоспарланып, 11 адам жолданды. Жоспар 110 пайызға орындалды.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша бос жұмыс орындарына 1200 адамды қамту жоспарланып, 751 адам жолданды. Жоспар жыл соңына дейін орындалады.

Оған қоса, Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құру туралы тапсырмасы бойынша ауданда 2022 жылы 423 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, бүгінгі күнге 449 жаңа жұмыс орны ашылып жоспар 106,1 пайызға орындалды.

Орталық директоры                                                      Н.Майханов

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика