• Сб. Апр 19th, 2025
Популярные метки

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 40 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Автор:admin

Фев 26, 2025
Spread the love

Биыл Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жобалар жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 35 балалар ойын, спорт алаңы, сондай-ақ 5 қоғамдық орын пайдалануға беріледі.
Жергілікті азаматтардың ұсыныстары бойынша Еламан, Оңтүстік, Цементшілер, Жұлдыз, Бадам-1, Базарқақпа, Ұлағат шағынаудандары мен елді мекендерінде балалар және спорт алаңшалары бой көтереді.
Айта кетейік, өткен жылы аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында 56 жоба іске асырылды. Оның ішінде 43 балалар ойын алаңы, 8 балалар және спорт алаңы, сондай-ақ 5 гүлзар пайдалануға берілген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика