• Пн. Фев 24th, 2025
Популярные метки

ЕЛІМІЗ БЕН ЕЛДІГІМІЗДІ ЕНДІ ЕШКІМ КЕЛЕМЕЖДЕМЕСІН!

Автор:admin

Янв 29, 2025
Spread the love
Қазақстанға лақап ат қойып, мазақ қылып, аузына келгенді айтып, көкіп отыратындарға қатаң шара көретінін ескертті Президент.
Жергілікті жердегі қазақ басылымының жайын қаузаймын деп күндікке «шақшадай басым шарадай» болды. «Бір деммен» жазып шыққан мақалам бітер тұста өшіп кетіп, күйдірді бар ғой. Жаман әдетім, жазғанымды қайта оқымаймын. Одан да қиыны «тайға таңба басқандай» ғып теріп шыққанымды қайта түзей алмаймын. Өшіп кеткен жазбамды басынан жазып шығудың қаншалықты қиямет екенін осыдан кейін ақ ұғына беріңіздер… Бір мақаланы түстен бастап бітіремін, пікірлер арқылы ойымды толықтырып барып, түйіндеймін» деп әуре сарсаңмен жүргенімде, сағат тілі түнгі он екіге жақындады. Сонымен «Үкіметке Президент осы жолы не айтады екен?» деп, тағатсыздана тосатын әдетім жайына қалды. Осы жаңа ғана толық нұсқасын оқып шықтым ғой. Содан «демігіп» тұрып, осы мақаланы жазып жатырмын…
МЕН БҮГІН ЖЕРГІЛІКТІ ҚАЗАҚ БАСЫЛЫМЫ ДЕП БҰЛҚЫНЫП ЖАТСАМ, АҚОРДА ТӨРІНДЕГІ АЛҚАЛЫ ЖИЫНДА ПРЕЗИДЕНТ «ӨЗ ІШІМІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЛАҚАП АТ ҚОЙЫП МАЗАҚТАЙТЫНДАР КӨБЕЙІП БАРАДЫ» ДЕП НАМЫСЫН ЖАНЫП АЙТЫПТЫ ҒОЙ.
Сайып келгенде намыс көңіл қыжылын оятады. Кеңейтілген алқа мәжілісінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің атын келемеждеп әжуаға айналдыру жекелеген азаматтардың, соның ішінде, кейбір шоу-бизнес өкілдерінің әдетіне айнала бастағанын айтыпты. Өзін өзі «қоғам белсендісі» санайтын жастарға да «осы ауру жұға» бастағанын жеткізіпті ол. Өз мемлекетімізді келемеждеп, басқа атауға телитін депутаттар да бар екенін де тілге тиек етіпті. Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын «қыртыңбайлар» қой дегенді ұқпай жатқан болар, Бұл мәселенің мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе екенін жеткізген Қасым-Жомарт Кемелұлы:
-Мәжбүрлеу шаралары болмаса, тәртіп орнату мүмкін емес екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан мемлекеттің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қараған жөн,-деген кесімді ойын білдіріпті.
Отанға құрметсіздік таныту, «ананың есімін, әкенің сойын» әжуалағанынан да сорақы жағдай. Түсіне білген саналы қазақ үшін бұл жәйт әдепсіз әрекеттің даңғаза сорақылығы. Ел ішін осылай «ала тайдай бүлдіріп» жүргендердің бұл әрекеті айтқандарын іліп алып, қайталай жөнелетін қауымның санасына кері ықпал етіп қана қоймайды, өзге елдер алдында масқаралап бітетін болыпты.
Осы орайда президент:
-Диалог арқылы қоғамдық келісімге келу керек. Қалай десек те, мемлекет заң тәртібін қамтамасыз ету үшін қабылдайтын шаралар өз елін күстәналауға себеп болмауға тиіс. Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады. Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден «керемет жетістіктерді, табыстарды» тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады,- деп біздегі бұл жәйтке көңіл қыжылын білдірді.
Жалпы, биылғы алқа мәжілісіндегі айтылған әрбір сөз, сын ескертпелер түрлі мақалаға сұранып тұр. Тоқаев елдің мүддесі үшін біз көтеріп жүрген мәселелерден бөлек, қарапайым халық айтып жүрген жағдайларға кеңінен тоқталып, сұрауы жергілікті биліктен болатынын айтып, әкім қаралардың «сауырына қамшымен тағы бір рет салып қалды». Тұрғындардың арыз-шағымына құлақ түріп қана қоймай, қабылдауға келгендердің айтқанынан нәтиже шығаруды тапсырды.
Алия Ортаева — журналист
(Сурет әлеужеліден алынды)

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика