• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ «QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНУДА: 2200-ДЕН АСТАМ ӨТІНІМ ТІРКЕЛДІ

Автор:admin

Ноя 5, 2024
Spread the love

Шымкент қаласының тұрғындарына арналған «Qamqor» жаңа өңірлік бағдарламасына өтінімдер 30 қыркүйектен бастап қабылдануда. Бағдарлама 2024 жылдың 28 қарашасына дейін жалғасады және тұрғын үй мәселесін тиімді шешуге бағытталған.
«Qamqor» бағдарламасы аясында қалада қызмет ететін мамандар, соның ішінде дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер, күтушілер, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының өкілдері, журналистер, мемлекеттік ұйымдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері, сондай-ақ энергетика және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары баспана алуға жеңілдетілген шарттармен қатыса алады.
Жеңілдетілген несие шарттары бойынша ең жоғары заем сомасы 20 млн теңгені құрайды, ал пайыздық мөлшерлеме 6% (ЖТСМ 6,4%-дан) деңгейінде белгіленген. Алғашқы жарна көлемі небәрі 10% құрайды, бұл көптеген жұмысшы азаматтарға қолжетімді тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бағдарламаға 2202 өтінім қабылданып, үлкен қызығушылық байқалуда.
Сонымен қатар, реновация бағдарламасы қолға алынып, 8 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Аталмыш бағдарлама халықты сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуге, экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында халықты сапалы баспанамен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кешенді жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндеттер белгілеген еді. Президент 2029 жылға дейін республика бойынша апатты жағдайдағы 1500 тұрғын үйді бұзып, иелеріне жаңа пәтер беруді тапсырды. Осыған орай, қала әкімінің тапсырмасымен Шымкент қаласының тұрғын үйлерін жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта шаһарымызда 2 мыңнан астам көпқабатты үй бар, оның 70 пайызы апатты жағдайда. Жарты ғасыр бұрын тұрғызылған үйлер сүрілу үшін тұрғындардың толық келісімін алу керек екен.
Осы орайда Shymkent City шағын ауданында қала әкімі реновация бағдарламасы шеңберінде тұрғындарға пәтер кілттерін табыс етті. Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама бойынша 8 отбасы ескі үйінен жаңа пәтерге көшті. Бұл жоба апатты жағдайдағы үйде өмір сүретін тұрғындар толық жаңа пәтерге көшірілмейінше жалғасын табатын болады. Айналма өткеліндегі тұрғын үйлердің бірі сүрілуге жататын нысандар тізіміне енгізілген. Бұл ғимарат 60 жылдан астам уақыт бұрын салынған және заманауи қауіпсіздік пен энергия тиімділігін арттыру талаптарына сәйкес келмейді. Мұндай үйлер тұрғындардың өміріне ғана емес, айналадағы инфрақұрылымға да қауіпті саналады. Реновация бағдарламасының шарты бойынша апатты үйлердің иелері жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелері бірдей пәтер алады. Сонымен қатар, жаңа пәтер алдыңғысынан орташа есеппен 20 м² дейін үлкен. Тұрғындар есептегіштерге қосымша ақы төлемейді. Тұрғын үйлер заманауи талапқа сай әрленген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика