• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫНА АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖАППАЙ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҮРУДЕ

Автор:admin

Ноя 7, 2024
Spread the love

Қазан айының басынан бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі себебі болып саналатын адам папилломавирусына (АПВ) қарсы қыздарды жаппай вакцинациялау басталған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта ел бойынша 57 мыңнан астам қыз бала АПВ-ға қарсы вакцина алған.
Соның ішінде Шымкентте 5,3 мың қыз бала екпені қабылдаған. Денсаулық сақтау министрлігі бір айдағы статистиканы жоғары көрсеткіш ретінде бағалап отыр. Алайда, елімізде жатыр мойны обырынан болатын қайғылы оқиғаны азайту үшін, әлі де ауыл-аймақтарда хабарландыру жұмыстарын тоқтатпау керек. Осы ретте, министрлік өкілдері мектептер мен денсаулық мекемелерінде түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді қолға алған. Соның бірі №52 мектеп-лицейінде өтті.
Ал АПВ-шырышты қабықтар мен теріні зақымдайтын вирустардың ең көп тараған топтарының бірі. Вирус қауіпті, өйткені ол тез таралып, жасушалардың қатерлі ісігінің қоздырғышына айналады және қатерлі ісіктің дамуы нәтижесінде инфекция жиі симптомсыз өтеді.
Жатыр мойны обыры — онкологиялық ауру және жыл сайын әйелдердің қатерлі ісіктен қайтыс болуының 7,5% себебі болып табылады.
Осыған орай Шымкентте №52 мектеп-лицейінде өткізіліп жатқан жиын тек пікір алмасу форматында ғана емес, тәжірбие алмасу бойынша да ұйымдастырылған. Білікті мамандар дәрігерлермен кездесіп, ашық сабақ өтті. Бұған дейін алыс-жақын шетелдерден келген қонақтардың презентациялары таныстырылып, жалпы жұмыс барысы көрсетілді. Ал, Тәжікстан республикасынан келген делегация Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинациялауды өз көздерімен көріп, мамандармен кездесті. Айту кету керек, бұл іс-шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен ҚР ДСМ-нің АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізу жөніндегі жұмыс тобының бастамасымен жүзеге асырылуда.
Айта кететін жайт, адам папилломавирусына қарсы вакцинада әуелі ата-ананың келісімі қажет. Ал жиындардың басым көпшілігіне ата-аналардың қатысуымен өтеді. Айта кету керек, ата-аналардың қалауымен екпені тіркелген емханаларда да алуға болады. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары АПВ-ға қарсы вакцинация жатыр мойны және басқа да онкологиялық аурулардың тиімді алдын алу шарасы екенін айтты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика