• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БІЛГЕНІҢІЗ АБЗАЛ!!!

Автор:admin

Ноя 7, 2024
Spread the love

Жол көліктік оқиғасы — жол қозғалысы ережелері бұзылған немесе сақталмаған жағдайда қалыптасқан жеке адамдар денсаулығына зиян келтірген немесе материалдық тұрғыдан және жол жүру үрдісін бұзған оқиға.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Адамдардың көлік құралдарына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, оны пайдалану барысында қоғам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың да көбейгендігін байқауға болады. Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады.
Жол-көлік оқиғасын қалай азайтуға болады? Мамандар максималды жылдамдықты 5 пайызға азайтқан жағдайда адам шығыны 30 % кемитінін айтады. Ал мектептер мен тұрғын үйлердің маңында 20 км/с-қа дейін азайту қажет. Алдыңғы орындықта қауіпсіздік белдігін қолдану адам шығынын 50 % азайтатынын зерттеулер дәлелдеген. Ал артқы орындықта қауіпсіздік белдігін тағу кісі өлімін 75 % дейін болдырмайды. Сондай-ақ балаларға арналған қауіпсіздік құрылғылары балалардың жол-көлік оқиғасынан қаза табуын 54-80 % деңгейде болдырмайды.
Жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты, ауа райы кез-келген уақытта суытып, жол тайғақ болуы мүмкін. Сол себепті, жолдарда жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін сақтық шараларын білгеніңіз абзал.
— Жол жағдайын алдын ала тексеріңіз. Ауа райы болжамын қарап, 112 желісінен келген ескертулерге назар салыңыз;
— Алдын ала көлік құралдарын қысқы мезгілге дайындап, дөңгелектерді ауыстырып, техникалық ақауларын жөндеңіз;
— Ауа райына байланысты жылдамдықты азайтыңыз.
— Жолдың сипатына қарай баяу жүріңіз;
— Алдыңызда келе жатқан көлікпен арақашықтықты сақтаңыз;
— Қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қауіпсіз жерге тоқтап, тынығып алыңыз;
— Жол белгілері мен ережелеріне мұқият назар аударыңыз;
— Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланбаңыз және басқа да алаңдатушылық факторлардан аулақ болыңыз;
— Тұманда көліктің алысқа жарық түсіретін шамын қоспаңыз. Тұманға түскен жарық көзге шағылыс әкелуі мүмкін.
Сақтық шараларын сақтау – қауіпсіз жүрудің кепілі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика