• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Үкіметте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды

Автор:admin

Ноя 7, 2024
Spread the love
Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті министрлер мен өңір әкімдерінің қатысуымен 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі бойынша кеңес өткізді. Басты міндет – су тасқынына дайындықты қамтамасыз ету және халық пен инфрақұрылымға қауіп-қатерді азайту.
Жылдағы қауіпті жерлерде орын алуы ықтимал су тасқыны жағдайының алдын алу бойынша дайындық шаралары жүргізілуде. Атырау, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері және экология және табиғи ресурстар, төтенше жағдайлар, көлік министрлері, сондай-ақ су ресурстары және ирригация вице-министрі баяндама жасады.
Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, қыста температура режимі климаттық норма шегінде болып, жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормадан асады деп күтілуде. 2025 жылғы су тасқыны кезеңін болжауды жақсарту мақсатында «Қазгидромет» РМК су басу қаупі басым өзен учаскелерінде 31 деңгейлі гидрологиялық бекет ұйымдастырылып, ашылды. Бүгінгі таңда 377 гидрологиялық бекет, 25 қар өлшеуіш маршрут және 347 метеорологиялық станса жұмыс істейді. 9 облыста коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды. Өзендер үшін «HBV» және «SWIM» сандық модельдерін бейімдеу бойынша жұмыстар жалғасуда, бұл алдағы су тасқыны кезеңінде су басу қаупі бар аймақтарды анықтау мүмкіндігімен судың күтілетін ең жоғары деңгейін көрсете отырып, гидрологиялық болжам жасауға мүмкіндік береді.
Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 95 км каналды механикаландырылған тазарту жұмыстары жүргізілді. Өзендердің 51 учаскесі және 10 облыста 1 көл анықталды, онда бірінші кезекте өзендердің арналарын санациялау қажет. Орталық, солтүстік және батыс өңірлердегі өзендердің басым учаскелерінде топографиялық түсірілім және жайылмалар мен арналардың батиметриясы жүргізіледі. Жұмыстар аяқталғаннан кейін деректер FLOOD.GHARYSH.KZ су тасқынын модельдеу жүйесіне жүктеу үшін ЦДИАӨМ-ге жіберіледі.
Жергілікті атқарушы органдар 1110 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, нығайтылды, оның 275 шақырымы 2025 жылғы су тасқыны маусымына дайындалған. Биылғы тәжірибе мен апат ауқымын ескере отырып, 63 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ шамамен 7 мың бірлік техника тартылды.
Су тасқыны қаупі бар учаскелерде автожолдарды реконструкциялау және жөндеу кезінде топырақ төсемі үйіндісін биікттету, қосымша көпірлер мен су өткізгіш құбырларды орнату, су өткізгіш құбырлардың диаметрлерін және олардың санын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бүгінде реконструкция жүргізілген нысандарда 63 көпір салынып, 324 су өткізгіш құбыр төселді. Республикалық жолдарды орташа жөндеу шеңберінде 6 апатты көпірді күрделі жөндеу және су тасқыны қаупі бар учаскелерде 420 су өткізу құбырын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ол бойынша барлығы 396 су тасқыны қаупі бар учаскелер, 68 көпір және 768 су өткізу құбырлары анықталып, ерекше бақылауға алынды.
Сонымен қатар ТЖМ-нің өңірлердегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың іске асырылу барысын тексеру нәтижелері бойынша Олжас Бектеновке инженерлік жоспарларда көзделген бірқатар жұмыстардың орындалмағаны туралы баяндалды.
Толығырақ: https://primeminister.kz/ сайтында

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика