Тәжікстандық мамандар Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерімен бірге қаладағы медицина ұйымдары мен мектептердегі егу қабинеттерінің жұмыстарымен танысып, адам папилома вирусына қарсы вакцинацияны енгізу бойынша тәжірибе жинақтады.
«Бірінші кезекте сіздердің жылы қабылдағандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Иммундау күнтізбесінде жаңа вакциналарды қолдану халық арасында көптеген сұрақтар туғызады.Біз мұнда әріптестеріміздің тәжірибесін қабылдау және осы вакцинацияны елімізде енгізу үшін келдік. Тәжікстан Республикасында 2025 жылдан бастап адам папилома вирусына қарсы вакцина қолға алынады. Біз қазір дайындық үстіндеміз”-дейді Тәжікстандағы иммунопрофилактика орталығының бас директоры Файзали Барот.
Қаламызда адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау жалғасуда. Жоспарланған екпе алуы тиіс жасөспірім қыздардың 50% астамы вакцинамен қамтылды. Бұл көрсеткіш республика бойынша алдыңғы қатарда. Вакцина алғандардың қатырында жағымсыз жағдайлар тіркелмеген.
Тәжірибе алмасу жұмыстары Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің ұйымдастыруымен өтуде. Халықаралық деңгейдегі бұл іс шара 8-қарашаға дейін жалғасады.
Адам папиллома вирусы (АПВ) – 200-ге жуық түрді қамтитын тұқымдас вирустарға жатады. Кейбіреулері адам денсаулығына салыстырмалы түрде қауіпсіз, басқалары онкологиялық процестің дамуын белсендіре алады.АПВ сыртқы жыныс мүшелерінің аурулары арасында ең көп таралған және агрессивті патология. Вирус көмей мен ауыз қуысының, тік ішектің, вульваның және қынаптың, жатыр мойнының қатерлі ісігінің дамуын қоздырады. АПВ инфекциясы ұзақ уақыт бойы симптомсыз болып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. АПВ жұқтырған кезде пайда болатын аурулар:
— Жыныс сүйелдерінің пайда болуы;
— Тыныс алу жолдарының папилломатозының дамуы;
— Ісік процесінің дамуымен жыныс мүшелерінің зақымдануы.
Көптеген адамдар аурудың клиникалық көрінісінсіз патогенді тасымалдаушы бола алады.АПВ-ны адам өмірінде қайталап жұқтыруы да мүмкін. Өйткені АПВ инфекциясынан айыққандардың барлығында вирусқа төзімділік қалыптаса бермейді. Көбінесе, аурудың клиникалық белгілері ерте кезеңдерінде пайда болмайды. Әдетте алғашқы белгілері қоздыратын факторлардың әрекетінен кейін пайда болады.