• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Ноя 6, 2024
Spread the love

Шымкент қаласының полиция департаменті Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру аясында, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен білім ордаларында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.
Есірткі сіздің өміріңіздегі барлық нәрсені, соның ішінде өзіңе деген сенімділікті, тәуелсіздікті, сананың анықтығын, тартымды келбетті және достарыңызбен қарым-қатынасты тез арада жоя алады. Сондықтан – өзіңіздің санаңызға берік және парасатты болыңыз, «есірткіні қолданып көр» деген жетекке ермеңіз.
Бос уақытыңызда көптеген адамдардың өмірі сыналған кеңестеріміз туралы ойланыңыз.
Есірткіні қолданудан бас тартуда жігерлі болыңыз. Ешкімнің көндіруіне қарамастан, есірткіні қолдануға азғырудан бас тартуға батылдық танытыңыз.
Есірткіні «ересектер қатарына жету» деп санап, қателеспеңіз. Бұл — ақыл қосу үшін басын тасқа ұрғанмен бірдей. «Есірткімен» бірге болу — бұл басқалардың алдында өзіңізді растау және өзіне деген сенімділікке жету дегенді білдірмейді.
Есірткіге тәуелді жас жігіт өзін батыл сезінгенімен, сырт көзге күлкілі болып көрінеді . Ол дауысын жоғалтқан, бірақ жоғары нотаны алуға тырысқан әтешке ұқсайды.
Нашақорлардың есірткінің ынталандырушы қасиеттері туралы барлық пікірлері – бұл зұлымдыққа деген дәрменсіздік пен тәуелділікті жасырудың бір жолы.
Есірткі қабылдау арқылы сіз тәуелсіз болуға деген ұмтылысыңызды бұзасыз, өйткені есірткіге тәуелділік — бұл ең қатал тәуелділік.
Егер сізде есірткіге қатысты проблемалар туындаса, сіз шынымен жақсы бола аласыз ба? Өзіңізге ауыр проблемалардың қосымша ауыртпалығын жүктемеңіз.
Есірткі — өміріңізді бұзудың жылдам құралы.
Полицейлер еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа сеніммен қадам басу үшін денсаулықтың қажет екенін, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіпті екенін, сондай-ақ есірткі қылмыстарына қатысудың салдарын ескертуде.
Осы мақсаттағы кезекті іс-шара «Болашақ» колледжінде жалғасын тапты. Мамандар студенттік жастарға толыққанды ақпарат беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика