• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАРИХИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Автор:admin

Ноя 2, 2022
Spread the love

Түркістан өңірі тоғыз жолдың торабында орналасқан облыстардың бірі. Бүгінде халқы тығыз, көршілерімен тату да тәтті ғұмыр кешіп жатқан халық. Осынау киелі өңірдің қазақ жерінде ежелден қалыптасқан көші-қон процестері, мал шаруашылығының дамуына байланысты маусымдық көші-қонмен қатар, экономикалық және әлеуметтік, сондай-ақ табиғи-климаттық, демографиялық және мәдени-тарихи факторлардың әсерінен қалыптасты. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, XV-XVIII ғасырдағы қазақ халқының басына түскен қиын кезеңдерде атап айтатын болсақ, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі «ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама», мәжбүрліктен қоныс аударған қазақ жеріндегі халық үшін көші-қон ағымы кең етек алғаны белгілі. Орта ғасырлардағы Қазақстан аймағында қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуының қазақ халқының құрылуы мен топтасуында маңызды рөл атқарды. Аралас экономикалы, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшыегіншілік, қала шаруашылығы қалыптасқан өлкелердің табиғи интеграциясы негізінде тұтас экономикалық ауданның құрылуы қазақ рулары мен тайпаларының этникалық жағынан бірігуіне себепші болғанын тарихтан жақсы білеміз. ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастады. 1907-1912 жылдардың өзінде ғана елдің еуропалық бөлігінен 2 млн.400 мың адам әкеліп қоныстандырылғаннан көші-қон үдерісінің ықпалының күшейгенін көруге болады. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерістер, 1917 жылғы Қазан төңкерісі, Қазақстанда шетелдік соғыс интервенциясы мен азамат соғыс жылдарында қаншама қазақтар қырылып, аштықтан жат жерлерге ауып кетті. Жаңа экономикалық саясаттан кейін «ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізілді. 1926 жылы Т. Шонанұлының Қазақ жер мәселесі тарихы деген еңбегінде аграрлық көші-қон патша өкіметінің отаршылдық саясатымен тығыз байланыста қарастырылып, қазақ жеріне қоныс аударылған келімсектерге көңіл аударған. Қоныс аудару саясатының нәтижесінде, Т. Шонанұлының пікірінше, Қазақ жерлері отар аймаққа айналдырылып, қазақтар жерсіз қаңғырып өз атамекендерінен көше бастаған, қазақтардың өзі де көші-қон процестерінің ағымына шарасыздықтан енгендігіне алғашқылардың бірі болып көңіл бөлді, қазақтар арасында сыртқа көшу және ішкі көші-қон процестерінің үдейе түсуін отаршылдық саясатпен байланыстыра отырып: Қазақты мекенінен қуып, көшіп келушілерге айналдыру – отаршылдар жұмысының бірінші жемісі. Қазақтың отырған жерінен жұрдай қылып талап, қазақты атамекенінен айдап, қолайсыз жерге ығыстыру – отаршылдар жұмысының екінші жемісі — деп көрсетілген. 1928 жылы қолданысқа ие болған «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» құжат негізінде жарты мыңнан астам бай феодалдар жер аударылды. 1931-1933 жылдары Қазақтарға қарсы геноцид саясатының салдарынан Республикамыздың 6,2 млн. тұрғынының 2,1 млн. аштықтан қырылғанын, оның ішінде келімсек халықтың шығыны 0,4 млн. адам екендігі тарих беттерінде жазылған. Осы кезеңде миллионнан астам қазақтар ата-жұртынан ауып кетті. Олардың көбі сол кездегі Орта Волгада, Қырғызстанда, Батыс Сібірде, Қарақалпақстанда, Орта Азияға, Тәжікстан мен Батыс Қытайға көшіп кеткен. Шалғай жатқан шет жерлерге кеткендер сол жерлерде қазақ диаспорасын құрған. 1938 жылы Қиыр шығыстан корей ұлты көшіріліп, Қызылорда мен Алматы облыстарында қоныс аударушы корейлерден тұратын колхоздар құрылды. 1937-1938 жылдардағы кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқандардың көбі сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ зиялылырының жазаға тартылып, Қазақстан ғылымы елеулі шығынға ұшырады. 1954-1955 жылдары Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеруге әр-түрлі ұлт өкілдерінен құралған 2 млн. астам адам Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Торғай, Павлодар облыстарына көшіріліп әкелінді.  Әрине бұл жылдары Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды, басқада экономикалық салалар дами бастады, совхоздар мен елді мекендер көбейіп, халық азық түлікпен қамтамасыз етіле бастады. А.И.Құдайбергенова Қазақстандағы көші-қон тарихын алты кезіңге бөліп қарастырады: 1) 1917-1926 жж. – саябырсу кезеңі,

2) 1926-1939 жж. – қайта өрлеу кезеңі,

3) 1939-1945 жж. – мәжбүрлі кезеңі,

4) 1946-1959 жж. – өрістеу кезеңі,

5) 1959-1970 жж. — бәсеңдеу кезеңі мен

6) 1970-1991 жж. – кері бұрылу кезеңі.  Осындай қиын қыстау заманды басынан өткізген қазақ халқы жаппай көші-қон мен мәжбүрлі көші-қонның арқасында қазіргі таңда 130 астам ұлт өкілдерінің басын біріктіріп, «интернационалдық» мекен атануда. Қазіргі таңда бір елді мекеннен екінші бір елді мекенге көшу оңайрақ. Бірақ жаңадан келген мекенге сіңіп кету қиынға соғуы мүмкін. Қазақ ұлтының 1/3 бөлігін құрайтын қазақ диаспорасы тәуелсіз мемлекеттің маңызды

әлеуметтік ресурсы болып табылады. Көші-қонның көптеген түрлері бар:

 Сыртқы көші-қон (мемлекет аралық);

 Ішкі көші-қон (мемлекет ішілік);

 Маусымдық (жыл мезгіліне байланысты көшіп қону);

 Урбанизазиялық (ауылды жерден қалалы жерлерге орналасу);

 Рурализация (қаладан ауылдық жерге орналасу);

 Эпизодттық (жұмыс бабымен үнемі ауысып отыру немесе туристік

сапарларға жиі шығу);

 Көшпенділік (мал шаруашылығының жайылымдық өзгерісіне

байланысты тұрақты немесе уақытша қозғалысы);

 Қажылық (киелі жерлерге діни сеніммен бару);

 Уақытша (белгілі бір мекенге ұзағырақ тұрақтануы);

 Маятникті көші-қон (жұмыс бабымен немесе оқу үшін бір жерден

екінші жерге үнемі жасалатын сапарлар);

 Транзитті (аралық қозғалыс);

 Шекаралық (субъектінің бір мемлекетте тұрып, екінші бір

мемлекетте жұмыс атқаруы);

 Қайтарымсыз (тұрғылықты мекен жайынан толығымен көшіп кету);

 Мәжбүрлі көші-қон (қандайда бір көрсетілген қысымның

салдарынан көшіп кеткен халық);

 Заңды (шекарадан өтіп, заңды түрде сол елде мекендеу);

 Заңсыз (шекарадан заңсыз өтіп, тіркелмей визалық тәртіпті бұзу);

 Вахталық (жұмыс күндері мен демалыс күндері апта айға

байланысты қызмет атқару). Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап ішкі және сыртқы көші-қонға бірнеше миллиондаған адамдар қатысты. Олар оралмандар, мәжбүрлі қөшіп-қонушылар, босқындар, этникалық мигранттар, экологиялық мигранттар атты субъектілер құқықтық қатынастарға түсе бастады. ҚР статистика агенттігінің деректері бойынша, 2019 жылы қаңтар айының халық санына байланысты көрсеткіші 18,6 млн. адамды құрайды, (Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 14,5 % өскен) Әрине бұл көрсеткіште сыртқы көші-қонның елеулі әсері болғанынан деп білеміз, яғни тәуелсіздік жылдарында республика аумағына 1,0 млн. астам этникалық қазақтар қоныс аударған.  Қазақстанда мемлекеттік органдар арқылы көші-қон үрдісін реттеуге бағытталған әртүрлі бағдарламалар мен нормативтік-актілер жүзеге асырылып

жатыр (Көшіп келу квотасын белгілеу туралы  жыл сайынғы Жарлықтары, мемлекеттік көші-қон саясаты туралы Концепция, «Нұрлы Көш» Бағдарламасы). Алайда, бұл Бағдарламалар тиімді жүзеге асырылмады, сондай-ақ, бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, атқарылған іс-шаралар мақсатты топтың мүддесінен шықпады. 2011 жылы қабылданған «Нұрлы Көш» Бағдарламасы көші-қон үрдісін, елдің демографиялық жағдайын мемлекеттік реттеуге бағытталып, қабылдаушы тараптардың мүмкіншіліктері мен этникалық мигранттардың мүддесін сәйкестіруге арналғанмен бір жылдан кейін тоқтатылды. Этникалық мигранттардың 90%-ы бастапқы кезеңде ауылдық жерлерге орналасады, бірақ белгілі бір себептермен (тіршілік қамымен, жұмыс іздеу, білім алу және т.б) олар бір орыннан екінші орынға үнемі ауысып, көшіп

отыруға мәжбүрлі. 2018 жылы Қазақстаннан шет елге 40 мыңға жуық адам кеткен. Олардың себебі, қаржылық, әлеуметтік, тұрғын үй, өмір сүру деңгейін жақсарту, білім алу болып отыр. Өкінішке орай әлемде көші-қон саны артуда. Адамдар өздерінің кіндік қаны тамған жерде қалғысы келмейді, басқа елге кетсек жақсы өмір сүреміз деп ойлайды. Халықты дамыған елдер мен қалалар қызықтырады. Мемлекет неғұрлым дамыған болса халқының өмір сүру деңгейі сол ғұрлым жақсырақ. Әрине көші-қонның арқасында сол елдің халқының саны да өседі. Бұрын көші –

қонның көбі жер үшін ауылдық жерге орналасқан немесе жұмыс іздеп жүрген халық болса, соңғы кездерде жоғары біліктіліктілігі бар адамдар болып отыр. Қазақстандағы ішкі көші-қон экономикалық тұрғыдан белсенді халықты ауылдардан және қолайсыз аймақтардан қолайлы экономикалық жағдайға ие аймақтарға қарқынды қоныс аударумен сипатталады. Қазақстандағы ішкі көшіқон елдегі ірі қалалар мен аймақтардың дамуына айтарлықтай әсер ететін жаппай құбылыс болып табылады. Ел ішінде қоныс аударатын халықты әлеуметтік қорғаудың тиімді тетіктерін жасау үшін ішкі көші-қонның реттелуі қажет. Мемлекеттің нормативтік-құқықтық базасының бірі «Қазақстан Республикасының көші-қоны туралы» Заңы ішкі көші-қонға қарағанда сыртқы көші-қон мәселелеріне көбірек бағытталған. Ішкі көші-қонның негізгі себептері – тұрғылықты жерлердегі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай, жұмыссыздық, қалалардан қашық, инфрақұрылымның жетіспеушілігі. Қорытындылай келе, бүгінгі күні Қазақстан халқы мен посткеңестік кеңістіктің көші-қоны әртүрлі әлеуметтік топтар мен ұлт өкілдерінің бір достық отбасына бірігуіне ықпал етуі – қазіргі Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік Ішкі және сыртқы миграция кез келген ел секілді Қазақстанның да әлеуметтік-экономикалық және саяси-мәдени дамуына зор ықпалын тигізуші фактордың бірі. Жалпы, миграцияның негізгі себептері – тұрмыс, өмір сүру сапасын жақсарту, саяси көзқарасқа қатысты себептер, кикілжіңдер, соғыс сияқты түрлі сипаттағы қиындықтар, жаңа жұмыс орнын іздеу, өмір сүру салтын өзгерту, экология, білім алу мақсатымен жер ауыстыру т.с.с. болып кете береді. Осыған байланысты әлеуметтік ғылымда этникалық миграция, экологиялық миграция, еңбек миграциясы, білім миграциясы, туристік миграция сынды терминдер қалыптасқан. Аталған үрдістің белсенді болуы қандай да бір мемлекеттің ішінде демографиялық дисбаланстың орын алуына әкеп соғуы әбден мүмкін. Сондықтан көші-қон мәселесі қоғамдағы ең өткір тақырыптың бірі саналады. Бұл ретте, бүгінгі мақаламызда Қазақстандағы 1991 жылдан бері ішкі және сыртқы миграциялық тенденциялар жайлы баяндайтын боламыз. Толығырақ Strategy2050.kz сарапшысының материалында. Сыртқы көші-қон Тәуелсіздік алған 90-шы жылдардан бүгінгі күнге дейін Қазақстанда сыртқы және ішкі көші-қонның қарқынды жүруі есебінен халықтың жалпы санында үлкен өзгерістер болған жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-ақ кезінде елімізге түрлі тарихи себептермен тап болған, депортацияланған өзге диаспоралардың өз тарихи отандарына жаппай оралуы, яғни Қазақстаннан көшуі, сондай-ақ кезінде түрлі себептермен (аштық, соғыс, шекара белгілеуде өзге мемлекеттің аумағында қалып қоюы т.б.) шетел территориясында қалып қоюға мәжбүр болып, кейіннен 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғасын өзінің атажұртына қайта оралған қандас қазақтардың елімізге көшіп келуі бұған жарқын мысал бола алады. Тарихқа көз салсақ ХХ ғасырдың басына дейін Қазақстан халқының этникалық құрамы моноұлтты болып келді. Өткен ғасырдың басында патшалық Ресейдің отарлық саясаты мен кейінгі кеңестік дәуірдегі Кремльдің солақай саясаты нәтижесінде (орыс, украин, поляк, неміс, грек, түрік, күрд, әзірбайжан, белорусь, шешен-ингуш, кәріс т.б. түрлі этнос өкілдерін Қазақстанға жер аудару, тың игеру саясаты, көзқарасы үшін саяси репрессиялық миграция жұмыстары) жарты ғасыр ішінде қазақтар өз мемлекеті аумағында саны жағынан да, сондай-ақ өзге этностармен салыстырғанда елдегі халық санындағы үлесі бойынша да айтарлықтай азайып, Қазақстан полиэтносты мемлекетке айналды. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары еліміздегі халықтың этникалық құрамы да осы қалпында болатын. Еліміз өз азаттығын алғаннан кейін грек, неміс, кәріс, украин, орыс, шешен сынды этностар жаппай өз тарихи отандарына жаппай көше бастады. Төменде берілген кестеге көз жүгіртетін болсақ 1991 жыл мен 2018 жыл аралығында Қазақстаннан кеткен және Қазақстанға шет мемлекеттерден көшіп келген азаматтардың өзара арасалмағын салыстыра отырып қарауға болады. Статистикалық деректерден байқағанымыздай 1991 жыл мен 2000 жылдардың ортасына дейін Қазақстаннан шетелге қоныс аударған азаматтардың қарқыны жоғары болды. Шетелге жасалған сырты миграциясының ең жоғары көрсеткіші 1994 жылы орын алған. Яғни, осы жылы Қазақстаннан шетелге қоныс аударған адамдардың саны жарты миллионға жуықтап, 480 800 адамды құраған. Ал тәуелсіздік жылдары Қазақстанға қоныс аударған адамдардың санына келсек, елге оралған азаматтардың ең көп шоғыры 1991-1992 жылдарды қамтиды. Одан кейін 2000 жылдарға дейін тұрақты түрде жыл сайын 50-60 мың адамға жуық сырттан Қазақстан халқына келіп қосылып, елдің демографиялық ахуалын жақсартуға үлес қосып отырды. Сырттан елге келген азаматтардың басым көпшілігі этникалық қазақтар екенін де айт кеткен жөн. Олардың Қазақстанға қоныс аударуына мемлекет тарапынан да үлкен қолдау жасалып, арнайы бағдарлама арқылы қандастар еліміздің түрлі өңірлеріне қоныстандырыла бастады. Сыртқы көші-қонға келер болсақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары көші-қон сальдосы теріс болды. 1991 және 2003 жылдар аралығында халықтың елден жылыстауы орта есеппен жыл сайын 225,5 мың адамды құрады. 2004 жылдан бастап 2011 жылға дейін көші-қон сальдосы тұрақты оң болды (өсім 11,7 мың адам жыл сайын). Еңбек көші-қоны арта түсті.  Қазақстаннан шетелге кеткен мемлекеттердің ішінде ең көпшілігі ТМД елдері, оның ішінде Ресей Федерациясы деуге болады. Төмендегі суретте 2010-2019 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы көші-қон үдерістерінің өсу және азаю динамикасы көрсетілген. Өздеріңіз де байқағандарыңыздай осы аралықта Қазақстаннан Ресейге көшу үдерісі азаймай, керісінше көбейіп отырған. Ал Ресейден Қазақстанға қоныс аударғандар саны уақыт өткен сайын азайып келеді. Этникалық орыстардың өз отаны Ресейге кетуді дұрыс көруінен бөлек, ол процесті жеңілдететін өзіндік себептері де бар. Әмина Үрпекова, Нәйля Әлмұхамедова, Жанар Санхаева атты авторлар «Қоғам және дәуір» атты ғылыми журналдың 2020 жылғы №2 санында жариялаған «Қазақстандағы көші-қон процестерінің ерекшеліктері: этникалық репатриация саясатын қалыптастыру» атты мақалаларында бұл жайлы былайша ой сабақтайды: Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресейге көшу туралы шешім қабылдауға әсер ететін факторлардың арасында қоныс аударушыларға азаматтықты жедел  алуға,  бірқатар  өңірлерде  жұмысқа  орналасуға,  қоныс аударуға  арналған  шығындарды  өтеуге  және  өзге  де  әлеуметтік артықшылықтарға кепілдік беретін, отандастардың қоныс аударуын қолдаудың  арнайы  мемлекеттік  шараларының  болуын  атап  өтуге болады. Бұдан басқа, көбінесе Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарында мектеп түлектері ресейлік оқу орындарын жөн көреді, сол оқу орындарын тәмамдағаннан кейін сонда тұрақтап қалады. Ал Қазақстанға қоныс аударған адамдар да ел дамуына үлес қосып, еңбекке белсенді араласып жатқанын да айта кеткен жөн. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сүйенсек 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 79,2 мың этникалық қазақ оралған. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,5%) Өзбекстаннан, 10,4%-ы ҚХР-дан, 7%-ы Түркіменстаннан, 2,5%-ы Моңғолиядан және 4,5%-ы басқа елдерден келгендер болып табылады. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Түркістан (14,5%), Маңғыстау (18,7%) және Жамбыл (8,0%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,7%) қаласына қоныстанды. Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілер 25,3%-ды және зейнеткерлер 19,2%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 10,9%-ының жоғары, 39,3%-ының орта кәсіби, 45,9%-ының жалпы орта білімі бар және 3,9%-ының білімі жоқ.  Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға қоныс аударған 1 миллион 79,2 мың қандастың елге келіп, қызмет еткенінен бөлек, олардың да осы жылдары елімізде өсіп-өніп, экономикаға қызмет етіп, балалары осында өмірге келгенін, елдің демографиялық ахуалын жақсартуға сүбелі үлес қосқанын да айрықша атап өткен жөн. Қандастардың осы көші арқасында елдегі миграциялық ахуалдың теріс сальдосын азайтуға мүмкіндік жасалды. Ішкі көші-қон Қазақстанның ішкі көші-қонында да үлкен мәселелер бар. Оның бірі елдің солтүстік облыстарын және кезінде түрлі өндіріс ошақтарына байланысты бой көтеріп, кейіннен аталғанм өндіріс орындарының тоқтап қалуына байланысты бос қалған кей елді мекендерді толтыру мәселесі. Солтүстік облыстардың көпшілігінде этникалық славян өкілдерінің Ресей, Украина, Белоруссияға жаппай көшуіне немесе аталған елдердегі оқу орындарына білім алуға кетіп қайта оралмауына байланысты Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында еңбек күшіне қажеттілік туындауда. Бұл ретте, шетелден елге қоныс аударған қандастардың да аталған облыстарға емес қазақтар көп шоғырланған Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарына тұрақтауға құмар екенін де айта кеткен жөн. Сондықтан Қазақстанның адамдар тығыз шоғырланған өңірлерінен солтүстік облыстарға еңбек күшін тарту, ішкі миграцияны дамыту бағытында «Серпін» сынды арнайы бағдарламалар қабылданып, тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 602 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасында» ішкі сын-қатерлерлерге мыналар жатқызылған: — біліктілігі төмен жұмыс күшінің артықтығы және білім деңгейінің жоғары болмауына байланысты экономиканың жекелеген секторларындағы білікті кадрлардың тапшылығы; — ірі қалалар мен жекелеген аумақтарда халықтың тығыз орналасуы болып табылады. Бүгінде оңтүстік өңірлердегі туу деңгейінің жоғарылығы, халық көп қоныстанған өңірлерде жұмыс күшінің артықтығы және этникалық мигранттардың орналасуы әлеуметтік шиеленістің ошағына айналуда; — шекаралас аумақтардың босап қалуы және солтүстік өңірлерде халық санының, әсіресе, еңбекке қабілетті азаматтар санының қысқаруы олардың экономикалық өсімін қамтамасыз етуде қиындықтарға алып келеді және жалпы елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етеді. Әлемнің дамыған мемлекеттеріне тән урбандалу процесі де Қазақстанда айналып өтпеді. Кеңестік дәуірде Қазақстанда халықтың басым бөлігі ауылда тұрған болса, соңғы жиырма жылдың ішінде қала мен ауыл халқы арасындағы арасалмақ өзгеріп, қала халқының саны басымдыққа ие болып үлгерді. Урбандалу үдерісінің дамыған елдерге тән және оның ел экономикасына, адамдардың өміріне пайдасы бар екенін ескерсек те, ауылдың жағдайын жақсарту, урбандалу үдерісінің байыппен, кезең-кезеңімен іске асқаны елдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатысты мәселе екенін ескергеніміз жөн. Жаһанданған қазіргі заманда әлем азаматтарының елдер арасында қатынауы, шетел аралауы, өзге елге барып, білім алуы, еңбек етуі, қоныс аударуы қалыпты үрдіске айналды. Аталған тенденция болашақта да осы қарқынмен дами берсе көші-қон үдерістерін одан әрі күрделендіре түспек. Ақылды жастардың шет мемлекеттерге ағылуы да қазіргі таңда елдегі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе саналады. Осы және миграция төңірегіндегі өзге де проблемалар көзі қарақты жандарды алаңдатып қана қоймай, мемлекет тарапынан да тиісті шешімдерді талап етуде. Сыртқа бағытталған ақыл-ой ағынының түбінде елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси т.б. мәселелердің бар екені анық. Сондықтан осы мәселелерді шешу кешенді түрде әрі ғылыми-зерттеулерге негізделе отырып іске асырылуы қажет.

 

R ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика