Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 60 мыңнан астам халқы бар Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандыруға бастау берді. Тұрғындар осыған дейін сұйытылған газды күнделікті қолданып келген, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Газ құбырының құрылысы 2022 жылы басталған. Қала әкімі халықты сапалы қызметпен қамтуда жауапты тұлғаларға газ құбырын ерте кезеңде пайдалануға беруді жеделдетуді тапсырды.
Айта кетейік, бүгінде абоненттердің 60% — көгілдір газға қол жеткізді, ал 40% — ы биыл қараша айының соңына дейін қосылады. Тұрғындар қазірден қосылуға өтініш бере алады.
Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Ынтымақ-2, Тассай, Бозарық және Көктөбе шағын аудандарының тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Биыл 9 жобаны (4 жалғасуда, 5 жаңа) іске асыру жоспарланған. Соның нәтижесінде келешекте қосымша 80 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізе алады және газдандыру деңгейі 100 пайызға жетеді.
Сонымен қатар вице-министр 2025 – 2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама шеңберінде «Шымкент қаласының Ынтымақ шағынауданында 110/35/10 кВ кіші станция және 110 кВ электр желілерін салу» жаңа жобасын іске асыруға 5,0 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлу қарастырылуда екенін атап өтті.
Осы жобаны жүзеге асырған соң Ынтымақ, Батыс, Солтүстік саяжай, Жаңатұрлан, Темірші әулие шағынаудандарымен Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігіндегі жаңа әуежай терминалының 45 мыңға жуық тұрғыны үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Тағы бір маңызды бағыт – сұйытылған мұнай газы нарығы. Шымкент қаласында сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек бағасы 1 литр үшін 70 теңгені құрады.
Өңірде 4 газ толтыру станциясы және 192 автомобильге газ құю станциясы бар.