• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Автор:admin

Окт 24, 2024
Spread the love

Республика күні қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге қалада алғашқы екі жайлы мектептің техникалық ашылуына қатысты, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Нұршуақ шағынауданындағы жаңа білім беру ғимараты 2000 орынға, ал Қарабастау тұрғын алабындағы мектеп 1200 орынға есептелген. Айта кетейік, бұл мектептерде оқушылар оқу жылының екінші тоқсанынан оқи бастайды.
Қала әкімі тұрғындарды алдағы мерекемен құттықтай отырып, мектептер тапшылығы мәселесі ұзақ жылдар бойы өзекті болғанына тоқталды.
Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде елімізде апатты және үш ауысымды мектептер мен оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда.
Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке блоктары бар заманауи мектептерде балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қарастырылған, заманауи пәндік кабинеттер, STEM-зертханалар, робототехника сыныптарымен жабдықталған.
Қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылып, сандық бейнекамералар мен турникеттер орнатылды. Сондай-ақ, хореографиялық және төрт спорт залы, демалыс аймақтары, воркаут және нетворкинг бар.
Жалпы, Шымкентте ұлттық жоба аясында 18 жайлы мектеп ашылады.
Бүгінгі таңда қаладағы 275 мектепте 259 173 оқушы білім алуда (мемлекеттік — 150 мектеп, 206 286 оқушы, жекеменшік – 125 мектеп, 52 887 оқушы).
2024-2025 жылдарға жоспарланған 6 мектеп қатарына:
1. Достық шағын ауданында 2000 орындық мектеп;
2. Бозарық-3 шағын ауданында 2000 орындық мектеп;
3. Асар-2 шағын ауданында 1 500 орындық мектеп;
4. Шым-Сити шағын ауданында 2 000 орындық мектеп;
5. Ш.Қалдаяқов көшесі бойында 1 500 орындық мектеп;
6. Пахтакор шағын ауданында 2 000 орындық мектеп;
Жобада жайлы мектептің ерекшеліктері бекітілген. Бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған ғимараттың жеке блоктарының болуы, пәндік кабинеттердің толық жиынтығы, еңбекке баулуға арналған әмбебап шеберханалар мен студиялар, жабдықталған спорт зал мен асханалар және арнайы талаптарға сай қауіпсіздік жүйелері қамтылған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика