• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Автор:admin

Окт 18, 2024
Spread the love

Кездесулерде Спорт, Ақтас, Жаңаталап, Айкөл, Агроферма Қарасу шағын аудандары мен Добролюбов көшесі тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Қаңғыбас иттерді аулау, су бұру жүйелері, жер қатынастары, аула аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру мәселелері көтерілді.
Жаңаталап шағын ауданында қала әкімі тұрғындармен бірге жаңа көпірдің ашылуына қатысты. Естеріңізге сала кетейік, осы жазда жауын-шашынның көп болуына байланысты Бадам өзені суы күрт көтеріліп, өткен ғасырдың 70-ші жылдарында салынған көпір тіректері бүлінген. Пайдалануға берілгелі көпірде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Қала басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті тұрғындар үшін уақытша айналма жол ұйымдастырылып, қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданды. Өз кезегінде Ғабит Сыздықбеков мердігер ұйым басшылығына нысанды уақтылы пайдалануға бергені үшін алғысын білдірді.
Ал Агроферма Қарасу және Айкөл шағын аудандарында қала тұрғындары мектеп пен жол салу, әлеуметтік қызметтер көрсету және инфрақұрылым жүргізу мәселелеріне тоқталды. Қала тұрғындарымен кездесу нәтижелері бойынша мәселелер мен өтініштерге мұқият талдау жүргізіледі. Алдағы жылдарға жұмыс жоспары жасалады.
Қала әкімі жылдар бойы шешілмеген және егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін проблемаларды атап өтті. Кешенді шаралар жүргізіліп, өзекті мәселелер жүйелі түрде шешілетін болады.
Тұрғындарға ең керегі — ауыз су десек, бүгінде Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. 2026 жылы бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аудан аумағы 85,7 пайыз табиғи газбен қамтылса, электр қуатымен 95,2 пайызы қамтылған.
2025 жылы Тұран ауданын 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамту жоспарланып, бір қатар жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, ауданның кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1 пайызды құрайды, бұл көрсеткішті 2025 жылы 60,2 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Үстіміздегі жылы Тұран ауданына қарасты 39 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Жаңаталап елді мекені – 4 көше, Арғымақ елді мекені – 4 көше, Ақжар елді мекені – 4 көше, Агро фирма қарасу – 11 көше, Құрсай елді мекені – 12 көше, Наурыз ш/а – 4 көше. Соның нәтижесінде асфальттанған көшелердің үлесі 80,2 пайыздан 83,4 пайызға жеткізіледі.
Тұран ауданында жалпы 597 көше бар, оның ішінде 254 көше жарықтандырылған. Биылғы жылы 21 шағын ауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшеге 3500 дана бағананы жарықтандыру жоспарлануда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика