• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНДА КҮРДЕЛІ ОТАЛАР СӘТТІ ЖАСАЛДЫ

Автор:admin

Ноя 1, 2022
Spread the love

Денсаулық сақтау ісі мемлекеттің әлеуметтік қызметіндегі ерекше нысанасы болып табылады. Алғашқы қабылданған 1997 жылы 19 мамырдағы «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» базалық заңында адамдардың денсаулығын қорғаудың мемлекеттік саясатының принциптері келесідей белгіленді: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің гарантиялы көлем шеңберіндегі дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеуметтік және дәрі-дәрмектік көмек берілуінің қолайлы, үздіксіз, тегін болуымен олардың іске асырылуының өз жауапкершілігіне алуы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағынан қорғаудың негіздері, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, меншік нысандарына қарамастан, азаматтардың денсаулығын қорғауға конституциялық құқығын іске асыруға қатысу мәселелері қазіргі таңда «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі арнаулы Заңымен іске асырылады. Осы орайда Түркістан облысындағы медицина саласы даму үстінде.

Алдымен мақтанып алайық… Түркістан облысында теңдессіз ота түрлерін меңгеріп жатыр. жаңашылдыққа бетбұрыс мамандардың білгірлігі мен дамуының арқасында жетуде. Атап айтар болсақ, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінде екі гибридті ота сәтті жасалды. Науқастардың бірінде инфраренальды қолқа күретамыр мен мықын асты артериялардың анатомиялық күрделі аневризмасы, екінші науқаста кеуде аортасының төменгі бөлігінің қабықты аневризмасы анықталған. Ауруханаға дейінгі кезеңде кеуде және іш қуысының аневризмалық кеңеюі анықталды. Бұл адам өміріне өте қауіпті. Отаны Нұр-Сұлтан қаласының маманы, рентген-эндоваскулярлық хирург Евгений Мун қан тамырлары хирургиясы және ренгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің дәрігерлерімен бірлесіп жасады. Одан кейін науқастар бейінді бөлімшеге ауыстырылды.

Мұндай жоғары технологиялық анестезияны қажет етпейтін оталар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүргізіледі. Ұжымның үйлесімді жұмысы мен  өңір дәрігерлерінің шеберлігі мақтауға тұрарлық. Оны тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі А.Рыжков атап айтты. Өз кезегінде «дәрігерлердің жоғары біліктілігі мұндай оталарды сәтті жүргізуге мүмкіндік береді» дейді ол. Дәл осындай тораскопиялық ота да сәтті өтті. Әлсіздік, дене температурасының көтерілуі, оң жақтағы кеуде аймағында орташа ауырсыну туралы шағымдар айтқан тұрғын шұғыл түрде Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына жеткізіледі. Ол торакоабдоминалдық бөлімшесіне жатқызылды. Оған МӘМС шеңберінде шұғыл күрделі ота жасалды. Бұл отаның артықшылығы — пышаққа түскеннен кейін науқас тез қалпына келе алады. Мұндай оталар Облыстық клиникалық ауруханасында жақында жүргізіле бастады. Болашақта торакоскопиялық әдісі арқылы орындалатын нозологиялардың тізімін ұлғайту жоспарлануда. Торакоскопиялық оталар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары үшін орындалады.

Осы орайда айта кету керек, «ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеген» жақсы. Ал Ауырмаудың басты тетігі салауатты өмір салтын ұстану. Арақ ішпеу, темекі шекпеу, есірткіге әуестенбеу. Есірткі демекші Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті.

Түркістан облысы полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бастап, облыс әкімдігі қоштаған акцияның ауқымы кең. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов пен жеке құрам, Түркістан облысының білім, ішкі саясат, ақпараттандыру өкілдері және жастар қатысты.

Жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту облыс орталығында өткен іс-шараның негізгі мақсаты осы болды. Бұған қосары өскелең ұрпақты спортқа баулу және туризмге тарту, сондай-ақ жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру.

Аталған маңызы зор жиынды облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов ашып, жастарға мықты денсаулық пен сәттілік тіледі. Өз кезегінде полиция полковнигі Қ.Сахов «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселелеріне көп көңіл бөледі. Соның ішінде біздің тарапымыздан есірткіге қарсы іс-шараларды үнемі өткізіп отырамыз. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Болашақ — сіздердің қолдарыңызда! Сол себепті тек жақсылық әрекеттерге, жарқын болашаққа ұмтылайық!» деді.

Одан әрі акцияға қатысушылар таңертеңгілік жаттығулар өткізіп, «Есірткісіз болашақ» атты флешмоб ұйымдастырды. Спортшы-велосипедшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орталық стадионға салтанатты түрде алып шықты. Мұнда іс-шара би ұжымдарының, каратэшілердің, боксшылардың, балуандардың және басқа да балалар спорт және көркемөнер ұжымдарының салауатты өмір салтына арналған қойылымдарымен жалғасты. Концерттік бағдарламада облыс орталығының эстрада әншілері де өнер көрсетті.

Жастарға үлгі ретінде жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері өздерінің шеберліктері мен жауынгерлік дағдыларын көрсетті. Іс шара ажарын кинологиялық қызметтің кинологтары ұйымдастыр,ан іс шара аша түсті. Олар қызметтік-іздестіру иттерінің қабілетін паш етті. Өз тарапынан полицейлер жастарға есірткі заттарын қолданудың зияны мен есірткіге байланысты қылмыстардың соңы құрдым екенін түсіндірді. Акция соңында Түркістан облысының полицейлері жас ұрпақты дене шынықтырумен тұрақты айналысуға шақырып, естелік суретке түсті.

Жалпы көпшілік сипаттағы мұндай акциялар көптеп өткізіліп тұрады. Солардың тағы бірі «Денсаулыққа қарай 10000 қадам» деп аталады. Спорттық шараны «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Білім беру және денсаулық мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесі ұйымдастырды. Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы да осы іс шараның басы қасынан табылды. Алғаш рет өткізілген акцияға Шымкент, Төлеби ауданы, Кентау қаласынан азаматтар қатысу үшін арнайы келді.

Акцияға Қайрат Балабиев бастаған  облыстық мәслихат депутаттары Қ.Жантөреева, Б.Шойбеков, И.Намазбаева, Н.Атаева, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдері, мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары, туризм университетінің ұжымы мен студенттері жұмылдырылды.  БАҚ өкілдері мен партия белсенділері, жастармен қосқанда жалпы саны 800-ге жуық азамат қатысты. Оларға қойылған басты талап – 7 шақырым яғни орта есеппен 10 000 қадам жасап, межені орындау болды. «Керуен сарай» ойын сауық орталығынан басталған маршрут Кесене аймағы, Тұңғыш Президент саябағы, Визит орталығын қамтыды.

Акцияның ашылуында сөз сөйлеген Б.Тәжібаев салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жаңа бастамаға сәттілік тіледі.

— Қоғамдық кеңестің отырысында «Денсаулыққа 10 000 қадам» акциясын өткізуге шешім қабылдадық. Акция аясында Түркістан қаласында бұқаралық спортты дамыту, спорттық орта қалыптастыруды көздедік. Осы бастама бүгін жүзеге асып, адамдардың денінің саулығын сақтауға, бірқатар аурулардың алдын алуға және жаяу жүру арқылы белсенділікті арттыруға ұйытқы болсақ дедік. Түркі әлемі көз тіккен Түркістанда басталған осы игі дәстүр республиканың басқа өңірлерінде жалғасын тапса, қолдаймыз, — деген Ғ.Елшібай жиналған қауымды референдумда белсенділік танытуға шақырды. Шара соңында межені орындаған 30 қатысушыға арнайы сертификат табысталды. Олардың арасында ең жас қатысушы 5 жастағы Мансұр Серікбай да бар.

Бұған қосарымыз Түркістанда 2 мыңнан астам адам жүгіруден марафонға қатысты. Түркістан қаласында Turkistan Marathon 2022 марафоны өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау барысында өткізілген жарысқа еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шетелден келген 2 мыңнан астам спорт жанкүйерлері қатысып, бақтарын сынады. Эстафеталық сайыс «Almaty Marathon» ұйымдастырушыларымен Түркістан қаласында тұңғыш рет өткізілді. Марафон – әлем бойынша жылдам дамып келе жатқан спорттық туризмнің бір түрі. Қатысушылар үшін марафонға қатысу тек хобби емес, өзге елдерге саяхаттаудың ерекше түріне айналған. Жарысқа қатысуға Қазақстанның 12 облысынан және шет мемлекеттерден қатысушылар да ниет білдірген. Спортсүйгіш жандардың басын қосатын ауқымды жобаға қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Бүгінгі марафон өңірімізде бұқаралық спорттың дамуына өзіндік үлесін қосады деп ойлаймын. Бұл – Түркістанда спортқа қызығушылық жоғары екенінін көрінісі. Баршаңызға сәттілік тілеймін! — деді облыс әкімі.

Таңмен таласа оянып жүгіруге келген спорт әуесқойлары үшін үлкен жүгіру старты калоритті этностильде ұйымдастырылды. Спорттық додаға қатысқан 2000-нан астам марафоншы төрт қашықтық бойынша, яғни 10, 21 және 42,2 шақырым жүгіріп өтті. Балалар 3 шқ. қашықтықты бағындырды. Шара қорытындысы бойынша жүзден жүйріктер қаржылай сыйлыққа ие болды.

Іле шала осындай тағы бір марафон өткізілді. Түркістан қаласында өткен шара «Turkistan Marathon-2022» деп аталады. Эстафеталық сайысқа еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шетелден келген 2 мыңға жуық адам қатысып, бақтарын сынады. Спортсүйгіш жандардың басын қосатын бұл ауқымды жоба шаһарымызда осымен 2-ші рет өткізілуде. Сайыстың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, белсенді жандарға сәттілік тіледі. Еліміздің өзге аймақтары мен Өзбекстан, Тәжікстан және Түркия сынды шет мемлекеттерден келген қатысушылар бақтарын сынап, жеңіс тұғырынан көрінуге күш салды. Марафоншылар 3, 10, 21 шақырым қашықтықтарда жүгірді. «Керуен сарай» кешені алдынан бастау алып, Б.Саттарханов даңғылының бойымен Шымкент бағытына қарай Ж.Майкотов көшесіне дейінгі аралықты қамтыды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, эстафета қатысушылары бірнеше санат бойынша іріктелген. Атап айтқанда, 10 мен 15 жас аралығы, 16 мен 39, 40 пен 49 жас аралығы сонымен қатар 60 пен одан жоғары жастағылар болып бөлінген. Сайыс қорытындысында мәреге бірінші жеткендерге қаржылай сыйлық табыс етілді.

Осы орайда айта кету керек, Түркістан облысында денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіш жақсарған. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитовтың қатысуымен облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі нәтижелер туралы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов баяндады.

Кеңейтілген алқа отырысында Түркістан облысының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметтерінің атқарған жұмыстары да тындалды. Жиналыста халықтың денсаулығын нығайту, өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар индикаторларының орындалу барысы, инфекциялық аурулардың алдын алу, өлім-жітімді азайту мәселелері қаралды. Ауылдық жерлерде және шалғай елді-мекендерде тұратын халыққа консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған 13 жылжымалы медициналық кешен арқылы дәрігерлік көмек көрсетілуде. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 шілдедегі ҚР Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы әзірленіп бекітілді. Ұлттық жобаға сәйкес, Түркістан облысы бойынша ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға 49 нысан салу ұсынылып, қолдау тапты. Одан бөлек, 2023 жылға жоспарланған 4 аудандық аурухананы (Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш, Жетісай) қайта көпбейінді ауданаралық аурухана етіп қайта құру үшін денсаулық сақтау желісіне өзгерістер енгізілуде. Сондай-ақ Сарығаш ауданында ІІІ деңгейлі босандыру қызметін ұйымдастыру мақсатында 240 төсек-орынға арналған перинаталдық орталық үшін ЖСҚ әзірленуде. Алқа отырысы соңында облыс әкімінің орынбасары Арман Сабитов басқарманың қызметіне оң баға беріп, денсаулық сақтау бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейтуді тапсырды.

А.Айымхан.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика