Есірткі сатумен айналысатын топтар жарнама құралы ретінде әлеуметтік желіні, граффити суреттерді жиі қолданатыны мәлім. Кез келген әлеуметтік желіде жастар мен жасөспірімдер белсенді екенін ескерсек, мұндай жарнама атаулының ел болашағына айтарлықтай қауіп төндіретінін айқын сезінеміз.
Нашақорлық – есірткіге немесе психотроптық затқа тәуелділіктен туындаған ауру. Есірткіні қолдану нәтижесінде психикалық және физикалық тәуелділік қалыптасады. Тәуелділіктің қалыптасу жылдамдығы және оның ауырлығы әр түрлі болуы мүмкін. Яғни жасына, қолдану жиілігіне, ағзаның ерекшеліктеріне әсер етеді. Психикалық тәуелділіктің жағдайы адамның есірткінің көмегімен ішкі тепе-теңдікке қол жеткізгісі келетіндігінде және есірткінің әсерін қайта-қайта сезінуге тырысатындығында көрінеді.
Есірткіні сатумен айналысу – қылмыс. Есірткі заттарын қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Нашақорлық өте қорқынышты ауру. Себебі есірткіге әуес адам келесі дозаға ақша іздеп, ұрлыққа, алдауға баруы мүмкін. Осындай қысқа сәт үшін ол саналы түрде, өзін өмірдің барлық қуаныштарынан айырады. Есірткі сатушылар өз «тұтынушыларына», яғни жасөспірім немесе мектеп оқушыларының компаниясына «инеге отырғызу» үшін әдейі бірінші дозаны аз мөлшерде сатып немесе тегін беруі мүмкін. Тіпті есірткінің алғашқы дозасы өлімге әкелуі ықтимал.
Қазіргі таңда жасөспірімдердің осы дертке көп ұшырасып жатқаны белгілі. Жасөспірімдік шақ алкогольді де, басқа да психоактивті заттарды, соның ішінде есірткіні де теріс пайдалану қаупін тудыратын бірқатар биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен сипатталады. Есірткіге тәуелділікті емдеу қиын. Бұл жастағы балалар көңіл-күйі өзгермелі, өзін тәуелсіз сезінгісі келеді және әрқашан емге қарсы тұрады. Жасөспірімдерде психоактивті заттарды тұтыну кезінде мінез-құлық пен жағдайдың себепсіз өзгерістері байқалады. Жасөспірімдегі нашақорлықтың көріністері әртүрлі болуы мүмкін, ол есірткі заттарының түріне байланысты. Дегенмен ата-аналар баланың есірткі қабылдайтынын түсінетін жалпы белгілер бар.
Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес, күнделікті қала аумағында есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестер заңсыз насихатталған және жарнамаланған орындарды анықтап, оларды жою бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Қабылданған шаралар нәтижесінде, осы жылы 8 айда полиция қызметкерлері 5 мыңнан астам есірткі жазбаларын анықтап, олардың көзін жойды.
Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарды есірткімен байланысты кез-келген заңсыз әрекеттердің куәісі болған жағдайда бірден полицияның «102» арнасына хабарлауға шақырды.
Сонымен қатар,есірткі заттарын насихаттағаны және жарнамаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары басты назарда.