• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Автор:admin

Сен 17, 2024
Spread the love

Шымкентте полицейлер жасөспірімдермен Буллинг пен нашақорлықтын алдын алу бойынша іс-қимыл жөніндегі профилактикалық кездесу өткізді
Ағымдағы жылдың 17-19 қыркүйек аралығында өткізілетін “Жасөспірім” ЖПІШ барысында С.Ерубаев атындағы №24 IT-мектеп лицейінде буллинг пен есірткіге қарсы күрес мәселелеріне арналған 500 ге жуық оқушыға маңызды іс шара өтті.
Шара барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың, қорқыту және нашақорлықтың жағдайларының алдын алу мәселелері талқыланды.
Құқықбұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Құқықбұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.
Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды.
Осы ретте кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудандағы білім саласымен біргелікте түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып келеді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, алдын алу және оны болдырмау мақсатында нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, осы мақсатта құқық бұзушылықтың алдын алу және олармен күресу жолдары бойынша жиындар жиі өткізілуде.
Кәмелетке толмағандар арасында және кәмелетке толмағандарға қатысты буллингтің, жәбірленудің, зорлықтың, қатыгездіктің алдын алу жөнінде кәмелетке толмағандардың вэйпарды, электронды темекілерді, темекі бұйымдарын, кальяндарды пайдаланудың және нашақорлықтың алдын алу, кешкі мезгілдерде жалғыз жүрмеу, бейтаныс адаммен сөйлеспеу, сабақ кезінде қалаға, тойханаларға бармау, жол көлік ережесін сақтау, көлік айдамау туралы барынша мағұлматтар беріліп келеді.
Жасөспірімдермен өтіп келе жатқан жиындарда оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптар алып келеді. Осындай құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге білім саласындағы жасөсіпірімдердің құқықтық сауатын арттыру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Сонымен қатар заң бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершіліктер туралы түсіндірілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика