• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Шымкенттік полицейлер қалалық мектептерде нашақорлыққа қарсы іс-шаралар өткізді

Автор:admin

Сен 23, 2024
Spread the love

Шымкент қаласының полиция департаментінің қызметкерлері мүдделі мемлекеттік және жергілікті аумақтық органдармен бірлесе отырып, нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы бағытта елеулі жұмыстар атқаруда.
Сондай-ақ, оның алдын алу бағытына ерекше көңіл бөліп, қоғамдағы жастар мен жасөспірімдерді, оқушылар мен студенттерді одан аулақ болуға шақыру үшін кешенді жұмыстар жүргізіп келеді.
Жаңа оқу жылының басталуына орай, полицейлер қала мектептерінде оқушылармен кездесулер өткізіп, есірткі қолданудың және нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы ақпараттық-түсіндірмелік дәрістер, тәрбие сағаттарын өткізуде. Осы мақсаттағы жұмыстарда полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізуде.
Оқушыларға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың денсаулыққа қауіптілігі жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болудың маңыздылығын атап көрсетуде.
Нашақорлық – әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі. Есті алатын есірткі заттарына тәуелділік талай жанның тағдырын талқан еткенін тәжірибеден көріп, біліп жүрміз. Өкініштісі, нашаға әуестенген бір адамның зауалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етеді.
Нашақорлық — наркомания ( грек тілінен narke — мелшию және mania — ессіздік, құтырыну) — есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі дүние мүшелері зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады. Нашақорлық жұқпасы ауру іспетті, бірақ онымен көбінесе өз еркімен ауырады. Нашақор адам 1 жылда кем дегенде 5 адамды осы әрекетке тартып, ауруын жұқтырады.
Есірткі заттарын әуелі қызығушылық үшін қолданатындар көп. Бұған ғаламтордағы ақпараттың ашықтығы, топтық психология, еліктеушіліктің ықпалы орасан зор. Білместікпен, әрі «дәмін көрейін» деген әуестікпен жаңа дүниені тұтынғандардың тәуелділікке бірте-бірте таңылуы оп-оңай. Алайда, олар бұл қызығушылықтың салдарын ойлай бермейді. Шындығында есірткіні үнемі, тұрақты түрде қолдану көп қаржыны қажет етеді. Қолында қаражаты жоқтардың алдымен өз отбасындағы жарамды, құнды заттарды саудалап, кейіннен қылмысқа баруы жиі кездеседі. Яғни, бір қылмыс екінші қылмысты тудырады.
Қылмыстық кодексте есірткі заттарын қолданып, сатып, тасымалдаушыларға жаза ауыр. Бірақ солай екен деп есірткіден бас тартып жатқандар көп дей алмаймыз. Есірткі заттарын тасымалдап, жеткізіп берген жастар «ешкімге зиянымыз жоқ, нашақорлар бәрібір өзіне керегін тауып алады, ендеше неге жазалануымыз керек» деп қате ойлайды. Жалпы, заңды білмеу жазадан құтқармайды.
Сонымен қатар, оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақыруда.
Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу, оның алдын алу – баршамызға ортақ іс. Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Шымкент қаласы полиция департаменті барша қала тұрғындарын оның алдын алу мен жолын кесуге ат салысуға шақырамыз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика