• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен кездесу өткізілді

Автор:admin

Сен 8, 2024
Spread the love

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Отбасым – бақыт мекенім» тақырыбында әкімдік жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Кездесуге Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының аға инспекторы Нұрсұлу Бауыржанқызы ,Республикалық әйелдер кеңесінің мүшесі Айнұр Серікқызы Жугунусова , «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Айтбекқызы Жандосова және Шымкент қаласының Абай ауданы Жиделі елді мекенінің «Әділ билер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Орынша Кенжебекқызы Таджибаева, Жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Әлжан Аружан Русланқызы қатысты.
Кездесу барысында отбасылық құндылықтарды нығайту, әйелдердің қоғамдағы рөлі, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Бұл іс-шара отбасын қолдаудың маңыздылығын арттырып, қоғамдағы әйелдердің ықпалын күшейтуге бағытталды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Бақытты әрі берік шаңырақ – берекелі қоғамның және мемлекеттің мызғымас тірегі. Отаншылдық пен жауапкершілік, парасаттылық пен ізеттілік, еңбекқорлық пен жасампаздық сияқты асыл қасиеттер ең жақын жандардың үлгі-өнегесі мен ықпалының арқасында қалыптасады. Ізгілік идеалдары мен қағидаларына негізделген тұлға дүниетанымы ата-ана тәрбиесінен бастау алады. Халқымыз қашанда шыққан тегіңді білуге және отбасы құндылықтарын ұлықтауға айрықша мән берген. Бүгінде бұл қасиеттер ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады».

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика