• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

2024 ЖЫЛЫ ҚАЛАДА ТАУАР НАРЫҚТАРЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛІП, НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАРҒА ӨЗГЕРІСТЕР ҰСЫНЫЛДЫ

Автор:admin

Сен 25, 2024
Spread the love

Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Департаменті 2024 жылдың басынан бері 15 тауар нарығына талдау жүргізді. Олардың ішінде тауық етін көтерме сату, байланыс арналарын жалға беру, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау сияқты маңызды секторлар бар. Қазіргі уақытта дәрілік заттарды көтерме өткізу және сымды интернет қызметтері секілді әлеуметтік маңызы бар нарықтарға талдау жалғасуда.
Департаменттің негізгі бағыттарының бірі — Кедергілер жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастыру. 2024 жылы кеңестің 14 мәжілісі өткізіліп, қорытындысында 4 мәселе бойынша тиісті нормативті құжаттарға өзгеріс енгізу үшін ұсыныстар Агенттіктің орталық аппаратына жолданған.
Республикалық деңгейдегі ұсыныстар Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңына келісімшарт мерзімін қысқарту, мемлекеттік мекемелердің бәсекелестік дамыған секторларда қызмет етуін шектеу, жолаушыларды тасымалдау саласындағы тендерлерде барлық субъектілерге тең мүмкіндік беру мәселелерін қамтыды.
2024 жылғы қаңтар-наурызға жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 872589,6 млн. теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 8,7% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 26,3%, қызметтер көрсету – 67% құрады.
Тұтыну баға индексі 2024 жылғы тамызда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,1% құрады.
Азық-түлік тауарларының бағасы – 0,1%, азық-түлік емес тауарлардың – 5,3%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 8,4% өсті.
2024 жылғы тамызда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 3,2% өсті.
2024 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 619740,8 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,8% көп.
2024 жылғы қаңтар-тамызда көтерме сауда көлемі 1055099,5 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 118,4% құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-шілдеде ЕАЭО елдерімен өзара сауда 351,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 9,8% азайды, оның ішінде экспорт – 60,3 млн. АҚШ долларын (22,9% азайды), импорт – 291,6 млн. АҚШ долларын құрады (6,5% азайды).

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика