Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Техникалық колледж студенттерінің қатысуымен «Лудомания – қоғам дерті» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында лудоманияның зиянды әсерін түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Семинар-тренингке Жастар ресурстық орталығының психологиялық көмек көрсету, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің психолог маманы Сайдахан Жібек Мұратқызы қатысты. Ол қатысушыларға лудоманияның психологиялық әсері мен оны тудыратын себептер туралы түсінік беріп, бұл дерттің салдарын алдын алу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, студенттерге салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндіріліп, күйзелісті жеңу және өз өміріне жауапкершілікпен қарау бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Шара барысында оқушылар лудоманияның қауіптілігі туралы сұрақтар қойып, маманмен ашық пікір алмасты. Кездесу соңында қатысушылар өзара тәжірибе бөлісіп, өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша пайдалы ақпарат алды.