• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Автор:admin

Окт 4, 2024
Spread the love

Жастар ресурстық орталығы және Еңбекші ауданы әкімшілігінің бірлесе ұйымдастыруымен, «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында М. Горький атындағы №12 жалпы орта мектебінде кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында күйзелістік жағдайлардың алдын алу, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру болды. Сондай-ақ, оқушылардың психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушылар психологиялық денсаулық пен өмірдің қиындығымен күресудің тиімді әдістері туралы ақпараттар алды.
Осындай семинарлар жасөспірімдердің ішкі жан дүниесін түсінуге, сондай-ақ стресстік жағдайлар мен жағымсыз эмоциялармен күресуде маңызды құрал болары сөзсіз. Психологтар мен педагогтардың бірлескен жұмысы балалардың дұрыс шешім қабылдауына және қиын жағдайлардан шығуына көмектеседі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика