Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді «Еңбек күніне» орай «Адал еңбек — адам көркі» атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне шақырамыз.
Мерекелік іс-шарада қаламыздың экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосқан еңбек озаттарын марапаттау жоспарлануда.
Қала аумағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, денсаулық сақтау мен білім беру ұйымдарынан тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылады.
Сондай-ақ, іс-шара аясында Мансап орталығы мамандарынің кеңесі, солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аудару және Enbek.kz порталымен жұмыс жүргізу бағыттарын түсіндіреді.
Іс-шара 2024 жылы 27 қыркүйек сағат 16:00-де Арбат алаңында өтеді.