Бүгін Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қарттар күніне орай меркелік іс-шара өтіп, ақ дастархан жайылды.
Мерекелік шараға Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев және Тұран ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды, сондай-ақ, ауданымыздың ардақты қарттары қатысты.
Іс-шара барысында қонақтар ақ дастарханнан дәм татып, концерттік бағдарлама тамашалады.