• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МАҚСАТ – ЭТНОМЕДИЦИЯНЫ ДАМЫТУ

Автор:admin

Сен 26, 2024
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Медиация қызметін жүзеге асырудың жолдары» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг басталды.
Семинарға Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшелері, қаладағы кәсіби және қоғамдық медиаторлар, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран ауданы әкімі аппараттары мен құқық қорғау органдарының, салалық басқармалардың қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің жауапты мамандарынан құралған 50-ден астам тыңдаушы қатысуда.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» этномедиация орталығының директоры Луиза Узарова, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» этномедиация орталығы директорының орынбасары, тренер-сарапшы Фарида Мұсатаева және педогогика-психология магистрі, практикалық психолог, «ЕуроАзиялық медиация орталығының» кәсіби медиаторы Гүлжан Қожахметова екі күн бойы қатысушыларға дискуссия, талдау және практикалық оқыту дәрістерін өткізеді.
Семинар-тренингте дәріс оқитын жоғары білікті мамандар «Этномедиацияның негіздері», «Этникалық топтардың қатысуымен қақтығыстардың ерекшеліктері», «Қақтығыстарды өрістету кезеңдері», «Локализация әдістері», «Этносаралық шиеленісті анықтау тәсілдері», «Араздық тілі», «Этностереотиптер», «Этномедиатордың құзыреттері», «Дағдылар мен іскерліктерді талдау», «Практикалық кейстерді талдау» тақырыптарында дәрістер, талқылаулар, ой-пікірлерді қайта құрастыру бойынша практикалық дағдыларды түсіндіріп, кейстер негізінде дау-дамайды диагностикалау, реттеу, тараптарды татуластыру сынды тәжірибелермен бөліседі.
Жергілікті қызметкерлер мен медиаторлардың білім-білігін көтеруді көздеген семинар-тренингте этномедиацияның әлеуеті жан-жақты түсіндіріледі.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы ҚХА жанында Медиация кеңесі әрекет етеді. Сондай-ақ, еліміздің үшінші мегаполисінде 4 медиация орталығы жұмыс істейді. Құрамы кәсіби медиаторлардан жасақталған кеңес тоқсан сайын басқосып, этномедиацияны дамыту бағытында атқарылған жұмыстарды талқылайды. Бүгінде кеңес сапындағы медиаторлардың әлеуеті түсіндіру жұмыстарын жүргізу, этнос өкілдерінің қатысуымен орын алған оқиғаларды реттеу, дауласқан тараптарды татуластыру сынды жұмыстарға жұмылдырылған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика