Шымкент қаласы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері Еңбекші ауданы, Қаратөбе тұрғын алабында тұрғындармен кездесті.
Кездесуде Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмалар туралы жан-жақты айтып, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауына тоқталды.
Кездесуде жас буынның тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды дәрiптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, құқықтық мәдениеттi көтеру мен қоғамдық келісімді сақтау, азаматтар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты бекемдеу жайында пiкiр алмасты.