• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«ПРОБАЦИЯ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Авг 19, 2024
Spread the love

Ағымдағы жылдың тамыз айының 15-22 күндері аралығында қала аумағында республикалық «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты — пробация есебінде тұрған адамдар тарапынан жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау және алдағы уақытта болдырмау, оларға қатысты заң аясында шешімдер қабылдау, полиция және пробация қызметкерлері арасында өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізіп, оларға өз құқықтарымен жауапкершіліктерін түсіндіру.
Шараның 4 тәулігінде пробация есебінде тұрған жалпы 1654 тұлға мекенжайы бойынша тексерілді.
Жедел профилактикалық іс-шараға Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Іс-шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріп, профилактикалық әңгімелесу және түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Заңның мақсаты-құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты белгілеу, құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою жолымен құқықтық тәртіпті сақтау және нығайту.
Құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясат мына принциптерінде жүзеге асырылады:
— адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және сақтау;
— заңдылық;
— жариялылық;
— ғылыми негізділігі;
— құпиялылық;
— қылмыстың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың репрессиялық шараларға қарағанда басымдылығы;
— күрделілік пен жүйелілік;
— әрбір адамға және азаматқа жеке көзқарас;
— отбасын қолдау және сақтау;
— жазаның бұлтартпастығы.
Заңның мақсаттары болып табылады:
— адамдар мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету;
— қылмыстың алдын алу;
— құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және азаматтардың заңға бағыну мінез-құлқын қалыптастыру;
— әлеуметтік оңалтуға бағытталған жұмысты қамтамасыз ету және жәбірленушілер мен қылмыс жасауға бейім адамдарды икемдеу;
— азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі және қылмысқа қарсы күрестегі белсенді рөлін арттыру, оның ішінде қоғамдық қозғалыстарға қатысу және бастау;
— құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің қызметін бағыттау;
— құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу және жою.
Мемлекеттік органдар өз өкілеттіктері шегінде мынадай міндеттерді орындайды:
— құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырады;
— құқық бұзушылықты алдын алу саласында құқықтық реттеуді жүзеге асырады;
— құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында, масс-медиа және интернет-алаңдарда жариялауды ұйымдастырады;
— өз құзыретіне сай құқық бұзушылық тәуекелдерін анықтауға, оларды залалсыздандыруды, жоюды немесе азайтуды қамтамасыз етуге;
— құқық бұзушылықтың алдын алудың басқа субъектілерімен өзара байланыс жасайды;
— құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтар жасау фактілері немесе оларды жасау қаупі туралы хабарлайды;
— жарты жылда бір рет Үкіметке қылмыстың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп береді;
— құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де міндеттерді орындайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтар мыналарға құқылы:
— қоғамдық тәртіпті қорғауға өз еркімен қатысуға;
— құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, басқа азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етуге;
— құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілеріне көмек көрсетуге;
— уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға заңды бұзушылық фактiлерi және қоғамға жат өмiр салтын ұстанатын адамдар туралы хабарлауға;
— құқық бұзушылықты есепке алу үшін техникалық құралдарды пайдалануға;
— заңсыз шабуылдардан, жол-көлік оқиғаларынан, дүлей зілзалалардан және басқа да төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға медициналық және өзге де көмек көрсетуге қатысуға;
— мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен бiрлесiп құқық бұзушылықты алдын алу саласында түсiндiру және құқықтық жұмыстарды жүргiзедi;
егер құқық бұзушылықтардың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстауға белгілі басқа тәсілдермен қол жеткізу мүмкін болмаса, дене күшін және басқа да құралдарды қолдануға құқылы. Бұл жағдайда арнайы қажетті шаралардан асып кетпеу керек. Қарулы немесе топтық шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдерге, мүгедектігінің айқын белгілері бар адамдарға және жасы белгілі немесе айқын кәмелетке толмағандарға қарсы арнайы құралдар мен күрес әдістерін қолдануға тыйым салынады;
— құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика