• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Шымкентік полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шара өткізді

Автор:admin

Авг 19, 2024
Spread the love

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу қоғам алдыңдағы басты міндеттердің біріне айналған.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқық бұзушылықтың алдын-алудың бірден-бір жолы оқушылардың мектептен тыс уақыттағы қосымша біліммен қамтылуын ұйымдастыру.
Ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасап отырса құқық бұзушылықтың болмауына көп септігі тиері анық. Құқық бұзушылықтың алдын алу ең бірінші отбасындағы тәрбиеден басталады, сондықтан жаhандану үрдісі басым болып келе жатқан қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді заман талабына сай тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етейік.
Кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім ошақтарында түрлі форматта іс шаралар кешені жиі ұйымдастырылып отырады.
Жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар:
1. Отбасы. Отбасындағы қарым-қатынас жасөспірім үшін, оның тұлға ретінде қалыптасуы үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларда балаларды ата-аналардың бірі, көбінесе анасы тәрбиелейді, бұл жасөспірімдерді тиісті қадағалаудың болмауына әсер етеді, оған моральдық қолдау, қамқорлық, көңіл бөлінбейді-мұның бәрі тұлғаның қалыптасуына кері әсер етеді.
2. Мектеп. Мұғалімдермен қарым-қатынасы қиын жасөспірімдер көбінесе сыныпта оқшауланып, өздерін бөтен сезінетіндігімен, әдетте қиын жасөспірімдер нашар оқитындығымен күрделене түседі. Оқуы қиын жасөспірімдерді сынып ұжымында оқшаулау олардың құқық бұзушылық жолына түсуіне ықпал ететін басты себептердің бірі болып табылады.
3. Көше. Отбасында және мектепте қолдау мен көңіл бөлінбей өскен кәмелетке толмаған адам қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыра алатын басқа ортаны іздейді. Жас-өспірім, әдетте, көшеде қарым-қатынастың жетіспеушілігін толтыруға тырысады. Егер мұнда ол «жаман» әсерге ұшыраса, онда оның қалыптасуы теріс болуы мүмкін. Әдетте, мұндай жасөспірімдердің тұрақты қызығушылықтары жоқ, спорттық және басқа үйірмелер мен секцияларға қатыспайды, мақсатсыз уақытты өткізуге мәжбүр болады.
Шымкент қаласы аумағында түнгі уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері қалалық жастар ресурстық орталығы және ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында түнгі уақытта кәмелетке толмағандар анықталып, жасөспірімдер мен ата-аналардың арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика