• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Шымкенттік полицейлер сауда нүктелерінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Автор:admin

Авг 28, 2024
Spread the love

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкрлері «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандарымен бірлесе отырып, есірткіні жарнамалау және насихаттау деректерінің алдын алу мақсатында сауда нүктелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оның ішінде сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген адамның сезімі мен түйсіктеріне бейсаналық әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны айтылып, кәсіпкерлерге ақпараттық жадынамалар таратылды.
Мемлекет пен қоғам үшін адамды қылмыс жасағаны үшін жазалағаннан гөрі, сол қылмыстың алдын алу немесе оны болғызбаудың жолын қарастыру немесе қылмыстың жасалыну себебін жою әлдеқайда жеңіл әрі тиімді. Бұл есірткі қылмысына қарсы күресте де аса өзекті мәселе болып отыр.
Тоқтала кетсек, «Есірткі (наркотик)» сөзі гректің «narkotikos» сөзінен шыққан, яғни «елітетін», «мас ететін» деген мағынаны білдіреді. Есірткі құралдарына – табиғаты әр түрлі заттар тобының түрлері болып саналатын бүтіндей өсімдіктер, яғни сора, көкнәр, эфедраның ұнтақталған бөліктері кіреді.
Оның ішінде сора өсімдігінен (марихуана, гашиш), көкнәрдан (апиын), заңсыз дайындалған психотроптық және синтетикалық есірткі құралдары (героин, амфетамин және оның туындылары) жатады.
Бұларды өз бетінше, медициналық мақсаттан бөлек теріс пайдалану – нашақорлыққа соқтырады.
Осы орайда оқырмандарымызға психотроптық заттар және прекурсорлар дегеніміз не екендігі туралы қысқаша түсінік бере кетейік.
Психотроптық заттар дегеніміз – адамның жүйке жүйесіне әсер ететін және фармакологиялық қасиеттері мен химиялық құрамына байланысты адам ағзасын еліртетін, күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін заттар. Мұндай күйге түскен адам қылмыстардың небір сорақы түрлерін істеуге дейін барады.
Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет.
Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәрімізге белгілі.
Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — жастар жатады.
Өйткені олар еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады.
Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді.
Нашақорлық – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді.
Есірткі мен нашақорлыққа қарсы алдын-алу жұмыстарын атқару, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, еліміздің болашағы — жастарды нашақорлық індетінен аластату барлық мүдделі органдардың міндеті.
Осыған байланысты, есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге, жастарға, қоғамға есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады.
Бүгінде аудандық білім ошақтарында түрлі семинар, дәрістермен дөңгелек үстел, сондай-ақ ата-аналардың қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастыру күнделікті жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, алдын-алудың басқа әдістері қажет екенін ескерген жөн, онсыз жұмыс кешені толық жұмыс істемейді. Бұған «Сенім телефондары» – қызметкерлері тәуелділігі бар адамдарға психологиялық қолдау көрсете алатын, зиянды заттарды тарататындармен не болуы мүмкін екенін түсіндіретін, қиын жағдайға тап болған адамдарға емдеу-оңалту мекемелері туралы толық ақпарат алуға көмектесетін арнайы қызметтер кіреді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика