• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

DIGITAL KAZAKHSTAN: ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Автор:admin

Авг 19, 2024
Spread the love

Өңірлерде 2024 жылғы 15-16 тамызда (15 – тамыз пленарлық сессия, 16 — тамыз секциялық жұмыстар) аймақтық тамыз кеңестері, Орталықта – 2024 жылғы 22 тамызда, Астана қаласында Саммит өтеді.
Педагогтердің қалалық дәстүрлі тамыз конференциясы конференциясын «Tulip Hall» мәдени орталығында немесе «Түркістан» сарайында өткізу бойынша мәдениет басқармасымен келісілген.
Конференцияға жалпы 2300 білім саласына қатысты қызметкерлер қатысады деп жоспарлануда. Жаңа 2024-2025 оқу жылында тамыз конференциясының тұжырымдамасына сәйкес, білім берудегі цифрлық инновациялар және цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайында білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру мәселелері талқыланатын болады.
Конференция барысында цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша, инклюзивті білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша цифрлық технологияларды қолданудың озық тәжірибелерімен алмасу туралы баяндамалар жасалып, инновациялық жобалар мен цифрлық платформалардың қатысуымен жасанды интеллект, виртуалды шындық, STEM білім және т.б. осы секілді нақты тақырыптарға арналған көрме ұйымдастырылады.
Секциялық жұмыстардың негізгі бағыттары білім берудегі цифрлық инновациялар, жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне интеграциялау, педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту, балалардың құқықтарын қорғау, психологиялық, қосымша, инклюзивті білім берудегі цифрландыру болып табылады. Конференция соңында оқу жылының нәтижелі көрсеткіштері бойынша педагогтер мен ата-аналар марапатталып, оқушылардың музыкалық құттықтаулары арқылы өз жұмысын аяқтайды.
2024 жылғы 22 тамызда Астана қаласында өтетін Саммитке Оқу-ағарту министрлігінің өңірлер бойынша бөлінісіне сәйкес, Шымкент қаласынан 42 делегация мүшелері қатысатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика