• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Авг 12, 2024
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы, мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз салынған құрылыс нысандары, құжаты рәсімделмеген дүңгіршектер, денсаулық сақтау саласында 6 айда атқарылған жұмыстар талқыланды.
Білім басқармасының басшысы Н.Шәмшиева жаңа оқу жылы қарсаңындағы білім ғимараттарының дайындығы мен өзекті мәселелерді пысықтады. Қала әкімі тиісті сала басшыларына білім нысандарының жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз етуде, мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына әзірлігін сапалы, мерзімінде жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Білім басқармасының басшысының айтуынша Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарланған. 2023 жылы 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал, қалған 10 700 орындық 6 мектептің құрылысы 2025 жылы аяқталмақ.
Еске салсақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқу орындарының тапшылығын шешуге, апатты мектептерді және үш ауысымды оқытуды жоюға бағытталған. 2024-2025 жылдары республик бойынша 740 мың оқушы орны бар 369 мектеп салу жоспарлануда, оның ішінде биыл 217 мектеп ашылады деп жоспарлануда.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Жүнісбеков дүңгіршектерді тиісті құжаттарсыз өз бетінше иеленген жағдайларға тоқталды. Жалпы қала бойынша 577 дүңгіршек анықталған, орнынан алынғаны 228. Тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Қала басшысы жауаптыларға құжаттандыру жұмыстарын заң аясында жүргізуді бақылап, кәсіпкерлік қызметтің заң шеңберінде ұйымдастырылуын қамтасыз етуді тапсырды.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы М. Керімжанов заңсыз салынған құрылыс нысандары бойынша баяндама жасады. Басқарма тарапынан заңға сәйкес 28 нысанға талап арыздар жолданған, 13 құрылыс нысанына мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шықты. Қала әкімі сала басшысына бұл бағыттағы жұмыстарды заң шеңберінде ұйымдастыруда нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика