• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ 49 ОТБАСЫ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫН ИЕЛЕНДІ

Автор:admin

Авг 12, 2024
Spread the love

Биылғы жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін 49 отбасы қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 16 отбасы — 1,2 топ мүгедектігі бар азаматтар, 9-ерекше бала асыраушы отбасылар, 3-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар, 11- көпбалалы отбасылар, 4-толық емес отбасылар, 6- бюджеттік мекеме қызметкерлері бар. Азаматтар Отбасы банк арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында несиелік негізде пәтер рәсімдеу барысында оның алғашқы жарнасының бір бөлігін 1 млн. теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты арқылы жабу мүмкіндігіне ие болған.
Қазіргі таңда тұрғын үй саласына қатысты мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылған. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» республика бойынша kezekte.kz электрондық порталы арқылы іске асырылады. Порталдағы кезектілік ашық түрде жүргізіледі. Кезекте тұрған, тұрғын үймен қамтылған азаматтар туралы, кезектің жылжу реттілігі, сондай-ақ ашық бюджет ақпараттары кез-келген қызмет алушыға қолжетімді.
Қазіргі таңда тұрғын үй сертификаттарына өтінімдер қабылдау жалғасуда. Бұл қолдауға ие болу үшін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар мемлекеттік бағдарлама аясында 2-10-20, 5-10-20 несиелік бағыттарының бірі арқылы конкурстан өтіп, банктің шарттарына сәйкес төлем қабілеттігін растайды. Қатысушы Отбасы банктің ипотекалық қарыз шартын мақұлдау хатын алған соң тұрғын үй сертификатына өтінім жолдай алады.
Айта кетейік, жыл басында бұдан бөлек әртүрлі әлеуметтік санаттар бойынша 218 азаматқа тұрғын үй сертификаттары табысталған болатын, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика