• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Шымкент: Денсаулық

Автор:admin

Окт 9, 2022
Group of medical staff carrying health related icons
Spread the love

ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ШЫМКЕНТТЕ
Шымкент қаласының жедел-жәрдем станциясы елімізде үздік атанды.
Медициналық ұйым өкілдері жедел медициналық жәрдем қызметінің республикалық спартакиадасында біліктіліктерін дәлелдеп, бірінші орынға ие болды.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының Жедел медициналық көмек қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жедел медициналық жәрдем қызметі бригадаларының спартакиадасы екі күнге созылды. Оған барлық өңірден 18 команда команда қатысып, біліктіліктерімен сынасты.
Командалар манекендер мен стандартталған пациенттерді пайдалана отырып, шынайы жағдайға барынша жақын клиникалық станциялардан өтіп, жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге көмек көрсетуде, босануды қабылдауда, суға батқан кезде зардап шегушіні құтқаруда, балалар реанимациясын жүргізуде және жіті коронарлық синдромы бар ер адамды қиын жағдайдан шығаруда өз шеберліктерін көрсетті.
Бүкіл кезеңдер медицина саласындағы танымал мамандардан тұратын құзыретті қазылар алқасының жіті назарында және бағалауында болды.
Спартакиада қорытындысы бойынша 159,5 балл жинаған Шымкент қаласының командасы үздік бригада болып танылды.
Екінші орынды елордалық – Астана қаласының командасы (159 балл) иеленді. Жүлделі үшінші орынды – 143 балл жинаған Абай облысының қомандасы қанжығасына байлады.

АВТОМАТТЫ ГИПОМЕТРИЯ 22 ШАҚАЛАҚТЫҢ ӨМІРІН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ
«Samruk-Kazyna Trust» берген гипотермия аппараттары 22 нәрестенің өмірін сақтап қалды.
Оның ішінде Қарағанды облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығында автоматты гипотермия аппаратында ауыр және орташа ауыр асфиксиямен туған 16, Ақтауда 3, Талдықорғанда, Өскеменде және Шымкентте бір-бір сәбиден аман қалды.
«Көмек сұраған өтінішімізді «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «AYALA» қайырымдылық қорының жауапсыз қалдырмағанына шексіз қуаныштымыз. Жақында орнатылған жабдықтардың арқасында біз ауыр асфиксиямен туған баланың өмірін сақтап қалдық. Бұл осы жабдыққа деген жоғары сұранысқа айқын дәлел. Шымкент қаласының болашақ аналары осы құнды сыйлық үшін демеушінің атына айтылатын алғысымызға қосылатынына сенімдімін», — деп атап өтті Шымкент қаласы перинаталдық орталығы директорының міндетін атқарушы Дәулет Сатов.
Айтып өтейік, терапиялық гипотермияны жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы сағаттарында қолдану қажет. Бұл жаңа туған нәрестенің дене температурасын автоматты түрде біртіңдеп төмендетеді және ондаған сағат бойы оны қажетті деңгейде ұстайды. Сонымен қоса, бала ағзасындағы метаболизмді өзгертуге, оның бас миын глюкозамен қамтамасыз етуге және сол арқылы орталық жүйке жүйесінің жасушаларын қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Мамандандырылған жабдық пайда болғанға дейін реанимацияда бар құралдармен механикалық гипотермия қолданылып келген. Дегенмен нәтиже қанағаттанарлықсыз еді. Қажетті температураны 72 сағат бойы тура 34 градус ұстап тұру, содан кейін баланы біртіңдеп жылыту өте қиынға соқты. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «AYALA» қайырымдылық қоры демеушілігімен перинаталдық орталықтардың реанимацияларында еңбекті көп қажет ететін бұл үдеріс енді толық автоматтандырылды.

АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛДА 5 ЕМХАНА, 200 ОРЫНДЫҚ ПЕРИНИТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Үкімет отырысында “Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау” ұлттық жобасын іске асыру бойынша баяндама жасады.
“Соңғы 8 айда белгіленген 9 индикатордың 8-і орындалды. Бір индикатор бойынша – «Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы» туралы мәлімет 2023 жылы шығады”-деді әкім баяндамасында.
Соңғы жылдары қалада туу көрсеткіші жоғарылап, аяғы ауыр келіншектер мен 5 жасқа дейінгі балалар патронажы 73%-дан 100%-ға өсті. Дерекке сәйкес, шетінеген нәрестелер саны да жоспарлы индикаторға әсер етуде. Дегенмен болжам шегінде.
Түркістан облысының негізгі денсаулық сақтау ұйымдары Шымкентте орналасқан. Сол себепті өлім көрсеткіші қалада тіркеледі. Ал Ұлттық статистика бюросы бұл мәліметтерді түзетіп отырады.
Шаһар басшысы сәбилердің өмірін сақтап қалу бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Биыл Шымкентте балалар үшін 10 мобильді педиатриялық бригада құрылды. Емханаларда отбасын жоспарлау және баланы дамыту кабинеттерінің саны 2 есеге артты.
Алдағы 3 жылда 5 емхана, 200 төсектік заманауи периниталдық орталық, университеттік аурухана мен 700 адам қабылдайтын орталық салу жоспарда бар.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика