Қаладан шалғай орналасқан тұрғын алаптар мен елдімекендерді оптикалық желі арқылы интернетпен қамту бойынша Цифрландыру басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 51 елдімекенге талшықты оптикалық желі тартылып, 210 мың тұрғынға интернет қолжетімді етілді.
Қазіргі таңда, «Fishnet» компаниясы тарапынан Самал 2 және Наурыз шағын аудандарындағы 46 көшеге кең жолақты интернет желісі жүргізіліп, 1000 тұрғын үйге интернетке қосылуға мүмкіндік жасалды.
Шымкент қалалық Цифрлық басқармасы тарапынан шалғай орналасқан тұрғын алаптар мен шағынаудандарды оптикалық желі арқылы интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Қазір 31 елдімекен талшықты оптика желісімен толық қамтылып, 210000 тұрғын интернетке қол жеткізді.
Еске сала кететін, Шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы интернет сапасын маниторингтеу нәтижесінде 50 аумақта интернет сапасының төмендігі анықталды.
Интернет сапасы төмен аумақтарда тест-драйв жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында мобилді операторлармен 14 аумақта мачталық құрылғы орнатылып оның 13 не базалық станция орнатылды. Ал, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығына дейін қосымша 28 нүктеде мобильді интернет сапасы жоғарылайтын болады.
Қызметтер мен функцияларды автоматтандыруда 2023 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы 13 323 301 қызмет ұсынылған. Ағымдағы жылы басқарма тарапынан 1 қызмет автоматтандырылды.
Қала тұрғындары үшін «2Гис» қосымшасында жедел қызметтердің байланыс номерлері және орналасқан жері туралы ақпаратты көрсететін бөлім орналастырылды. Олар: емханалар, учаскелік полиция пункттері, өрт қауіпсіздігі саласы, коммуналдық қызметтер саласы. Және қоғамдық орындарды тегін wifi желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы 20 қоғамдық орынға 53 wifi құрылғылары орнатылды.
Сонымен қатар, «АлмаТВ» компаниясы Самал 2 шағын ауданданындағы 18 көшеге кең жолақты интернет желісін жүргізіп, 500 тұрғын үйге техникалық мүмкіншілік жасалды. Одан бөлек, «Ilinknet» компаниясы Асар 2 шағын ауданының 31 көшесін кең жолақты интернет желісімен қамтып, 1500 тұрғын үйге интернет желісін қолжетімді етті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.