• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Сен 1, 2024
Spread the love

Сайрам тұрғыны алабындағы жарты ғасырлық тарихы бар ерекше балаларды тәрбиелеп, білім беретін мекеме ағымдағы жылы 12 маусым күні «колледж» дәрежесін алды.
Мектеп – интернат 1979 жылы арнайы оқытуды қажет ететін балаларға арналған көмекші мектеп-интернат болып, 2021 жыл 12 мамырда – «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледж» арнайы кешен» болып қалыптасқан.
Ерекше білім алатын балаларды тәрбиелеумен қатар, білім беріп, оларды өмірге бейімдеп, мамандық бойынша дайындайтын мекемелер қатарынан орын алған бұл кешенде 300-ден аса бала, 200 дей қызметкер жұмыс жасап келеді.
Ерекше білім алатын балалар түрлі іс-шараларға қатысып, байқаулардың жүлдегерлері атанып, тәрбиеші, мұғалімдерімен қоса ата-аналарын да қуантып отыр.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру мемлекет үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Бұл әрбір адам өз әрекетінің қажеттілігін және қатыстығын сезіне алатын нағыз инклюзивті қоғам құрудың қажетті шарты. Біз әрбір балаға оның қажеттілігіне және басқа жағдайларына қарамастан, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға, қоғамға пайда келтіруге және оның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беруге міндеттіміз.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері Бала – бұл әрбір жас кезеңіне тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму үстіндегі организм . Әрбір бала, өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына да қарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін. Әсіресе, өмірлік қиын жағдайларға тап болған балалар көмекке аса мұқтаж болады. Олар үшін, қиын жағдайлардан шығудың мүмкін жолдарын табу өте күрделі мәселе болып табылады. Бұл фактілерді ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық қолдау барысында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға көмек көрсетудің барынша тиімді жолдарын табу мен болжау қажет. Мұндай қолдаудағы басты мақсат- баланың қалыпты өмір сүруі мен тәрбиеленуі үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Қазіргі заманда өмір сүретін балалар үшін іс-әрекеттің екі саласы бар, және де олар бала тәрбиесіндегі негізгі институттар болып келеді — бұл, отбасы және білім беру жүйесі. Бала өміріндегі көптеген мәселелер де осы екі институттың әсеріне көбірек байланысты болып келеді. Бала үшін отбасы – бұл, оның дене бітімінің, психикасының, мінезқұлқының және интеллектісінің жақсы қалыптасып, дамуына ыңғайлы жағдайлар жасайтын орта. Әлеуметтік институт ретінде, отбасының бала өмірі мен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ету. Жалпы әлемдік тәжірибедегі білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту ұстанымын жүзеге асыруға негізделген.
Колледжде ағаштан жасалған бұйымдарды құрастырушы, тігінші мамандықтары бойынша кәсіп меңгертсе, алдағы уақытта аспаз мамандығы, аяқ киім шебері мамандықтары бойынша топ ашып, мамандар дайындайды.
Кәзіргі таңда 48 талапкер оқуға құжат тапсырып студент болды.
Олар ішінде:
3W07221402 – «Ағаштан жасалған бұйымдарды құрастырушы» мамандығында — 23 студент.
3W07230101 – «Тігінші» мамандығына – 25 студент оқуға қабылданды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика